Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 82
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 8 9 »

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
     бастауыш сыныптар бойынша 

тәрбие ісінің меңгерушісі

Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы

 

                                                              Тәрбие көзі –болашақ бастауы

          Қазақстан –тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді де,тәрбиелі ұрпақ.Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі.Біз білімді ұрпақ,білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыратын тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік , ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батылдық, отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы тиіс.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

деп  Абай атамыз айтқандай  бүгінгі жас ұрпақ өмір шыңынан өз орнын табуы тиіс.Ол үшін адам ең әуелі өзін-өзі тануы және өзгеге өзін таныта білуі тиіс.

          Адамның рухани сұлулығының басты белгісі-адамгершілік тәрбие.Жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу үшін тәрбиенің кешенді бағыттары бір-бірімен тығыз байланыста қатар жүреді.Біз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін ұрпаққа біліммен қоса тәрбиені де қатар беруіміз қажет.Біз аспан әлеміндегі сан мыңдаған жұлдыздар ішінен жарқырап көзге түсетін және ол ағып кетпейтін жарық жұлдыздарды ерекше көре аламыз.Ендеше, біз де бала бойына жауапкершілік,адалдық,сыпайылық,жанашырлық,өзара көмек,өзара келісім,ақ ниеттілік сияқты ұлы қасиетті сіңдіре білсек,бала неге осы жұлдыздай жарқырап көрінбеске.

Баяндамалар | Просмотров: 4687 | Загрузок: 166 | Добавил: solnishka | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
 бастауыш сыныптар бойынша
 оқу ісінің меңгерушісі

Үмбетқалиева Заря Зиятқызы

 

 

Білім негізі –бастауышта

Мұғалім  - мектептің  айнасы, бәйтерегі. Мұғалім  еңбегінің әлеуметтік  мәніне, елдің  мәдени  өміріндегі  белсенді  рөліне  кезінде  қазақ  зиялылары  көп  көңіл  бөлген.  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Жақсы  мұғалім  мектепке   жан  кіргізеді, басқа  кемшілігі  болса,  мұғалімнің  жақсылығы  жабады, білдірмейді» - деген  болатын. Мұғалім  білім  нәрін  себуші, мұғалім   жақсы  білімді  болса, білген  білімін  алдында  отырған  шәкірттеріне    үйрете  білсе,  ол  мектептен  бала  көбірек   білім  алып  шығады.  Өсіп   келе  жатқан  ұрпақ- адамзаттың   болашағы, жалғасы. Артта  қалған  ұрпақ  саналы  болса,  адам  баласының  жер  бетінде  жасауы да  сан  ғасырларға  жалғаса  береді. Білім  күші  құдіретте. Осы   егеменді, тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың  бастауы- мектеп  десек,  мектептің  басты  тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Адамның адам  болып  қалыптасуына   ата- аналармен  қатар,  мұғалімнің  де  рөлі  зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың  келешегі  қазіргі  ұстаздардың   қолында.

Білімнің алғашқы әліппесі бастауыш сыныптан басталатыны анық. Оқушының мектепте алған білімі , соның ішінде бастауыш мектеп кезеңінде алған білімі,   білік дағдалыры, оның болашақ өміріне жол салатыны белгілі. Бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңалықтар ,ұжым мүшелерінің толығуларына байланысты  бастауыш бірлестігі 1965 жылдан бастап өз алдына еншісін алды. Осы жылдар ішінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Адамның  жан дүниесін  түсініп,  ренжітпей,  қателігін  сездіре  білу – бұл нағыз  шеберлік  емес  пе?  Біз  осындай  шебер  мұғалімдерімізді  мақтан  етеміз. Білікті  басшы  Амирханов  Қибатқали  ағайдың  салған  ізімен,  1991/92 оқу  жылдарында   Тілеубаева  Қаламқас  оқу ісінің меңгерушісі болып, бастауыш  сынып  оқу ағарту  ісін  жоғарыдан  көрсете  білді.  Бастауыш  сыныптардағы мұғалім  саны 1995-2000  оқу  жылдарында 24-тен  36 -ға дейін  артты.  Бердина Сырға, Ізтүрова  Алтынгүл,  Абдіхалықова  Шолпан, Майшаева Ақбала, Бүркітбайқызы  Алтын, Тасқынбаева  Ибаш, Хасан  Күланда, Қараманова  Ақсұлу  сынды білікті, ұлағатты  ұстаздар мектебіміздің  мақтанышы  болып, жоғары  белестерден  көрінді. Сондай-ақ  олар  мектебіміздің  өсіп  өркендеуіне, биік белестерден  көрініп, асудан  асып, биік  шыңдардан   көрінуіне өз  үлестерін  қосып, аянбай еңбек  етті. Олар  өз  жемістерін  шәкірттеріне  бере  отырып, ізіне  ерер  ізбасарлар баулып  шығара білді. Олар: Қыдырбаева Венера, Көкен  Гүлжамал,  Изтилеуова  Айгүл, Шығысова  Раушан, Қойшина  Айсауле, Есенғұлова Жадыра, Изжанова  Гүлнар, Шығысова  Гүлзия.

Баяндамалар | Просмотров: 4127 | Загрузок: 107 | Добавил: solnishka | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Маршал Әбдіхалықов орта мектебіннің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Аманғалиева Қымбат


Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры
Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, ғаламтордан алынған суреттер, слайдтар
Оқу нәтижесі:Бесік, бесік жыры туралы ұғым қалыптастыру. Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Негізгі идеялар: Салт дәстүрді дәріптеу
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
АКТ, СТО: Топтастыру, суретті көрнекілік, сұрақ- жауап, диалог .
Бағалау: формативті бағалау:стикерлер, смайликтер, бағдаршам.
Топтық бағалау
Дерек көздері: Оқулық , ғаламтор мәліметтері
Тапсырмалар:
І. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау: Топтық жұмыс

ашық сабақтар | Просмотров: 2605 | Загрузок: 54 | Добавил: solnishka | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Көкенова Нұржамал Өмірзаққызы

Сабақтың  тақырыбы:  Алтын  сөз

ашық сабаққа арналған презентация | Просмотров: 2978 | Загрузок: 221 | Добавил: solnishka | Дата: 29.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы,
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты,

I ші (ілгері) деңгейлі,бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темировна

 

Сабақтың тақырбы:   Сусыз тіршілік жоқ.

Сабақтың мақсаты:  

  1. Су экологиясы туралы бастапқы   ұғымды қалыптастыру,  сусыз

тірішілік жоқ екендігін, суды ластамау жолдары  туралы түсінік беру.

  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру  мақсатында

сабсақты түрлендіре отырып, өздігінен  ізденуге, қосымша материалдар қосуға, өзіндік жұмыс істеуге, бақылау жасауға өз оиын еркін жеткізуге, өзара пікір айта білуге және сөйлеу мәдениетін  дамытуға.

  1. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Баспасөз конференция сабағы.

Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, сұрақ жауап, топтық жарыс.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

      1.  Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

     2.  Ой шақыру әдісі бойынша жұмбақ шешу.

Дәмі де иісі де жоқ,            

Аяғы жоқ, қолы жоқ,               

Сақтамасаң қорын,

Пайдаланбас кісі жоқ.        

Бірақ тыныш тұрмайды
ашық сабақтар | Просмотров: 4008 | Загрузок: 77 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2014 | Комментарии (0)

       

анимациялар | Просмотров: 1065 | Загрузок: 57 | Добавил: solnishka | Дата: 23.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле


Ашық тәрбие сағатының презентациясы
Сабақтың тақырыбы: Егеменді ел қорғаны-Қарулы  Күштер

ашық сабаққа арналған презентация | Просмотров: 1986 | Загрузок: 461 | Добавил: solnishka | Дата: 21.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан.

Өтес орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 Дабысова Риза Қуанышқалиқызы

Ашық тәрбие сағатының презентациясы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім!

ашық сабаққа арналған презентация | Просмотров: 1579 | Загрузок: 163 | Добавил: solnishka | Дата: 20.04.2014 | Комментарии (1)

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан.

Өтес орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 Дабысова Риза Қуанышқалиқызы

ашық сабаққа арналған презентация | Просмотров: 3354 | Загрузок: 374 | Добавил: solnishka | Дата: 10.04.2014 | Комментарии (1)

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан.

Өтес орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 Дабысова Риза Қуанышқалиқызы

Сабақтың тақырыбы:   Тәуелсіз елім – тірегім

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық

                                     нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық

                                    қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап

                                    оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын,

                                    көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.

-Қош келдіңіздер,  құрметті қонақтар,  мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім – тірегім» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!                       

-  16 желтоқсан қандай күн?

- Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық?

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Себептер
     1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы

2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше,  осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.

  • Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
  • Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. 
тәрбие сағаттары | Просмотров: 5273 | Загрузок: 205 | Добавил: solnishka | Дата: 10.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 71-80 81-82