Главная » Файлы » тәрбие сағаттары

В категории материалов: 10
Показано материалов: 1-10

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі  Көкен Гүлжамал

Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс»

Барысы:
Мұғалім: - Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және натуралистер!
«Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Елбасымыз «Білімді ұрпақ - болашақ» деген. «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін «Көкөніс өсіру» үйірмесінің оқушыларына берелік.

1 – оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.

2 - оқушы: Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Орамжапырақ келеді

тәрбие сағаттары | Просмотров: 2455 | Загрузок: 92 | Добавил: solnishka | Дата: 10.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан.

Өтес орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 Дабысова Риза Қуанышқалиқызы

Сабақтың тақырыбы:   Тәуелсіз елім – тірегім

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық

                                     нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық

                                    қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап

                                    оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын,

                                    көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.

-Қош келдіңіздер,  құрметті қонақтар,  мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім – тірегім» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!                       

-  16 желтоқсан қандай күн?

- Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық?

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Себептер
     1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы

2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше,  осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.

  • Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
  • Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. 
тәрбие сағаттары | Просмотров: 5273 | Загрузок: 205 | Добавил: solnishka | Дата: 10.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия

«Ана суті мен жылқы сүті- біздің тарихымыздың басы».

                                                                                                         Ғафу Қайырбеков.

«Қазақ тарихы- жылқы тарихы да, жылқы тарихы- қазақ тарихы».

                                                                                                          Қажытай Ілиясұлы.

Сабақтың тақырыбы:  Төрт түлігім - ырысым

Мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадір- қасиетімен   таныстыру. Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін,   тілін дамыту, малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайдтар, ойын түрлері.

Жүрісі: 1. Тақпақтар айту.

              2. Төрт түлікке сипаттама.

              3. Жұмбақ шешу.

              4. Сайыс.

              5. Постер қорғау

тәрбие сағаттары | Просмотров: 2275 | Загрузок: 124 | Добавил: solnishka | Дата: 04.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

тәрбие сағаттары | Просмотров: 873 | Загрузок: 68 | Добавил: solnishka | Дата: 04.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

                                      Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

 

 

Тақырыбы:  Қымыз – шипалы  сусын.

Мақсаты: Оқушыларға  үй  жануары — жылқы  жайлы  таныстыра  отырып,  соның  ішінде  қазақ  халқының  ұлттық  тағамдарының  ішіндегі  ең  бағалы  дастархан  дәмінің  бірі –қымыз  жайлы  түсінік  беру,  қымыздың  пайдасын,  маңызын  түсіндіру,  қымыз  сусынына  деген  танымдық  қызушылығын  арттыру,  қымыздың  шипалық  қасиетін  ұғынып   қастерлеу.

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивтік тақта, қымыздың, қымыз құятын дыстардың  суреті.

Сабақтың барысы:              І. Ұйымдастыру.

-Құрметті  оқушылар,  бізде бүгін  «Қымыз – шипалы  сусын» атты  ашық  тәрбие сағаты.

-Балалар,  биыл қандай жыл?

-Жылқы  жылы.

-Дұрыс айтасыңдар.

 

Мұғалім:               

    Қазақ  үшін  ең  құнды, қасиетті мал – жылқы. Қазақ  халқы  жылқыны  ел  қорғаны,  ердің  жан  серігі  дейді.  Қазақ  ат  десе  ішкен  асын  жерге  қояды.  Ең  қасиетті,  ең  қадірлі  малы.  (Бүкіл  мәдинеті  жылқы  түлігімен  байланысты). Мінсең көлік,  жесең ет, ішсең  сусын, терісінен  бұйым,  ыдыс,  жасайды, жал-қылынан  арқан, жүген  еседі,  Айғырдың  құйрық  қылынан  қобызға    шек  жасайды.

тәрбие сағаттары | Просмотров: 7726 | Загрузок: 170 | Добавил: solnishka | Дата: 02.04.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

                                      Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

 

Тақырыбы: Елбасы мұраты -  ел бақыты

Мақсаты: оқушыларға елі сүйген, елін сүйген  Елбасының өмір  жолы,  оқып білім алған,  қызмет еткен  жерлері  туралы  мағлұмат   беру.  Елбасының өмір  жолынан  үлгі  алу,  жақсы  оқу,  адал  еңбек  ету,  Отанын  сүюге,  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

Көрнеклігі: Н.Ә.Назарбаевтың портреті, плакаттар т.б.

Кіріспе

   Қазақстан  Республиксының  әрбір  азаматы  тәуелсіз  елін  мақтан  тұтатын жөні  бар.  Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  аңсап  өткен Тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  бері  талай-талай  асқарлы  асуларды  бағындырдық.

тәрбие сағаттары | Просмотров: 6828 | Загрузок: 216 | Добавил: solnishka | Дата: 02.04.2014 | Комментарии (0)

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің  

 Бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы.С.


Сабақтың тақырыбы:  Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!

Сабақтың мақсаты: Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын  арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтан көрсетілетін суреттер. Тақтаға жазылған тақырып.

тәрбие сағаттары | Просмотров: 7127 | Загрузок: 218 | Добавил: solnishka | Дата: 23.10.2013 | Комментарии (0)

Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

 

Сабақтың тақырыбы:   Білесің бе, Елорданың тарихын?

Сабақтың мақсаты:  Демалушыларды Қазақстан республикасының астаналарының тарихымен

                                     таныстыру , жаңа астананың көрікті жерлері туралы  білімдерін кеңейту

                                     Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен

                                     тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; Демалушыларды отанды

                                      қорғап, Астанамызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.

-Қош келдіңіздер,  құрметті қонақтар,  мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Білесің бе, Елорданың тарихын?» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!            

- Алтыншы маусым қандай күн?

 Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалалар:

1920-1924жылдары Орынбор қаласы

1924-1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы

тәрбие сағаттары | Просмотров: 3042 | Загрузок: 181 | Добавил: solnishka | Дата: 01.07.2013 | Комментарии (0)

Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы : Төрт түлігім –ырысым

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым

                                      сөздер, жұмбақтар   жаттау. Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру 

                                      және актёрлік қабілетін дамыту. Төрт түлікті құрметтеп, күтіп –бағуға

                                      тәрбиелеу.

Саба0ты4 көрнекілігі:  Мақалдар, сызба,  төрт түліктің суреті және олардан алынатын

                                           өнімдер , киімдер, ертегіге керекті заттар, т.б.

Сабақтың түрі:  сайыс сабақ

 -Құрметті  қонақтар бүгінгі  ₺Төрт түлігім-ырысым ₺ атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

 -   Балалар, барлығымыз тақтаға қарайықшы. Тақтадан біз нені көріп тұрмыз?

тәрбие сағаттары | Просмотров: 7373 | Загрузок: 314 | Добавил: solnishka | Дата: 14.05.2013 | Комментарии (0)

     Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

       М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебіннің

       бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз

Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту. Оқушылардың ана тіліне

                                           деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақ тілі болашағым, ертеңім... атты газет көрмесі  , нақыл сөздер ,                                                     

                                          Шарлар

Сабақтың жүрісі:

-Құриетті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!

-  Балалар,  біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. 

 

тәрбие сағаттары | Просмотров: 11922 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)