Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 82
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 »

Хронологиялық деректер
1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1718 ж. — Семей қаласының салынуы.
1670—1697 жж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары.
1697 — 1727 жж. — Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары.
1720 ж. — Өскемен қаласының салынуы.
1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.
1725 ж. — жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы.
1726 ж. — Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы.
1728 (1726) ж. — Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары.
1730 ж. — Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі.
1729 (1730) ж. — Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі.
1731 ж. — А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы.
1734 ж. — И.К.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы.
1735 ж. — Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі).
1740 ж. — Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы.
1740 ж. — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі.
1741—1742 жж. — Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы.
1745 ж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы.
1748 ж. — Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі.
1748 ж. — 1785 ж. — Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі.
1752 ж. — Петропавл қаласының салынуы.
1756 ж. — Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы.
1756—1757 жж. — Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі.
1756 ж. — Абылайға Қытай елшілігінің келуі.
1757—1777 жж. — Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі.
1758 ж. — Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы.
1771—1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.
1773—1775 жж. — қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
1783—1797 жж. — Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.

Баяндамалар | Просмотров: 1564 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 13.04.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

3 «ә» сынып оқушысы   Ақболатқызы Жұлдызай

                                           

                                                                          Анама сыйлық

  Бүгін сегізінші наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі. Мен әкеммен бірге анамды қуантпақшы болып, әкеме көмектестім.  Сөйтіп әкем екеуміз бірігіп үй жинастырдық. Мерекелік дастархан жайдық. Бір-екі сағаттан соң, анам мен сіңлім келді. Әкем өзінің сыйлықтарын берді. Мен анама әдемі гүл салған ашық хат тапсырдым. Олар қатты қуанып қалды.

ана туралы шығармалар | Просмотров: 1295 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 11.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

3 «ә» сынып оқушысы   Тұрғанбай Аяжан

 

                                 Анама сыйлық

            Бүгін сегізінші наурыз аналардың мерекесі. Бұл күні барлық бала анасына сыйлық жасау үшін дайындалады. Біздің отбасыда ерекше дайындалды. Мен қолыма түрлі-түсті бояуды алып, суреттен ашық хат жасадым. Оның ішіне «Анам  сау болсын! Әрдайым бақытты болсын!» деп жаздым. Ал, ағам болса гүл сыйлады. Әкем кішкене қорапқа салынған сыйлық сыйлады. Қорапты әдемі қазақтың оюымен өрнектелген сырға. Ағам, сіңлім үшеуміз шағын концерт қойдық. Анам қатты қуанды.

ана туралы шығармалар | Просмотров: 1539 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 11.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

3 «ә» сынып оқушысы   Мергенбай Ибрахим

                                             Анама сыйлық

Бүгін сегізінші наурыз. Әкем анамызға сыйлық жасау үшін дүкенге барып, көптеген сыйлықтар әкеліп, сыйға тартты. Ал, мен анама гүл жасап сыйладым. Қарындасым болса анама ашық хат сыйлады. Ағам ән айтып берді. Анамыз бәрімізге риза болып, жақсы тілектерін айтты.

ана туралы шығармалар | Просмотров: 1186 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 11.03.2015 | Комментарии (0)

 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

3 «ә» сынып оқушысы   Рзабек Айида

 

                                               Анама сыйлық

Бүгін сегізінші наурыз. Яғни аналар мерекесі. Мен анамнан ерте тұрып жақсылап киіндім. Күнделікті әдетімше жуынып-шайындым. Таңғы асымды ішіп анама сыйлық жасауға кірістім. Сол кезде сіңлім келіп «Апатай мерекеңізбен!» деп мені құттықтады. Содан соң «Апа, мен сізге көмектессем бола ма?» деп сұрады. Ол меннен өтініп сұрағандықтан болар, мен келісе кеттім. Менің рұқсатымды алған сіңлім қасыма отырды. Екеуміз түрлі түстен жасалған әдемі сандық жасадық. Мен оның ішіне қызғалдақ гүлінжасадым. Екеуміз бұл сыйлықты анамызға сыйладық. Сыйлық анама қатты ұнады. Анамның қуаныштан жүзі шаттанып тұрды.

ана туралы шығармалар | Просмотров: 2804 | Загрузок: 297 | Добавил: solnishka | Дата: 11.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі  Көкен Гүлжамал

Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс»

Барысы:
Мұғалім: - Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және натуралистер!
«Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Елбасымыз «Білімді ұрпақ - болашақ» деген. «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін «Көкөніс өсіру» үйірмесінің оқушыларына берелік.

1 – оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты қараңыз, көкөністер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: - Мен бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен болғандықтан бақшада көп орын аламын, салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай жата беремін. Орталық Азияда менен әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған. Адамға қажетті көкөніспін.

2 - оқушы: Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
Орамжапырақ келеді

тәрбие сағаттары | Просмотров: 2448 | Загрузок: 92 | Добавил: solnishka | Дата: 10.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі  Кукенова Нуржамал

Тақырыбы ;  Қайталау.

Мақсаты;   1. Оқушылардың  алған  білімдеріне    сүйене  отырып,  екі  амалмен  шығарылатын   мысалдардың  орындалу  тәртібін,  теңдеу  құру  және  оны   шешуді,   бір  сұрақпен  шығарылатын   есептерге   кері  есептер   құруды   пысықтау.

                   2. Оқушылардың   ойлау,   логикалық   ойлау,   есте   сақтау   қабілеттерін   дамыту.    Шығармашылық   қабілеттерін  жетілдіру.

                   3. Оқушыларды  тез  ойлауға,  шапшаңдыққа, алғырлыққа  тәрбиелеу.  Сатып  алу,  саудаласу   мәдениетіне   тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі  ;    Аукцион  сабақ.

Көрнекілігі ;   Сигналдық   карточкалар,   қол өнер бұйымдарының  үлгілері,  жеміс   жидектер,  есеп  схемалары.

Жүрісі ;    І – Ұйымдастыру  бөлімі .

 Психологиялық  дайындық.                                                                                                   

Оқып  білім   аламыз,                                                                                                                          

Біз  көңілді   баламыз                                                                                                                  

Математика   пәнінде                                                                                                           

Тапқыр,    алғыр   боламыз.

ашық сабақтар | Просмотров: 1122 | Загрузок: 22 | Добавил: solnishka | Дата: 10.03.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 1. Сәйкес амалдардың алгаритмдерін пайдаланып, қосу мен азайту амалдарын

                                     орындайды. Екі амалмен шығарылатын есептерді салыстыру.

                                   2. Оқушылардың ойлау қабілетін орындау.

                                   3. оқушылардың табиғатты қорғай отырып адамгершілікке , ұқыптылыққа

                                         тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Табиғатқа саяхат

 Сабақтың әдісі: Түсіндіру,  ой қозғау, т.б

Сабақтың көрнекілі: Слайд, тест , венн диаграмасы

Сабақтың  жүрісі:

                                      І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, үй тапсырмасын тексеру.

Көркем жазу.

7. Әр қатарадағы сандарды теріп жазу.

13, 17, 18, 21, 25, 28, 54

12,17,18,21,25,45,52,54,71,81

  • Екі қатардағы сандар екі таңбалы сандар.
  • Балалар, бірінші қатардағы сандарға қарайықшы. Сол сандарды ондық пен бірлікке жіктейікші. Егер біз сандарды дұрыс жіктейтін болсақ,онда сол сандардың артында жасырынған сөзді оқи аламыз.

Ой қозғау:

                           
 

т

 

а

 

б

 

и

 

ғ

 

а

 

т

 

 

                                                                                                          

-Табиғат дегеніміз не?

-Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда табиғатты қорғауға көмектесеміз. Ол үшін біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы осы мәселелерді шешеміз.Табиғатты қорғау үшін:

Ауаны қорғау

Суды қорғау

Топырақты қорғау

Жануарларды қорғау

Орманды қорғау

                                       ІІ.Жаңа сабақ

1.Ауа таза болу үшін не істейміз?

«Артық болмас білгенің» №1-2 есеп ауызша түсіндіре отырып орындау.

26- 2 онд 6 бірл              34- 3онд 4 онд

 а)6+4=10             10 бірл=1онд 0бірл. Бірліктердің астына 0-ді жазамын., ал ондықты есіме сақтап, ондықтарға қосамын.

  •  

ә)2 онд+3онд=5онд, оған 1 онд қосамын, сонда 5+1=6. Ондықтың астына жазамыз. Жауапты оқимын: қосындының мәні 60-қа тең.

 Азайту амалында осылайша түсіндіреміз.

 

-Тапсырманы орындап, бүгінгі тақырыбымызды түсіндік. Енді тақтаға қарайық ауаны тазартудың қандай жолдары бар екен.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы –көгалдандыру.Сонымен бірге зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Көліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отынды газбен алмастырады

ашық сабақтар | Просмотров: 1699 | Загрузок: 293 | Добавил: solnishka | Дата: 21.02.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абилова Гүлсім

Cабақтың тақырыбы:  Бесік жыры М.Жұмабаев

Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең

                                   түсінік беру.

                                  2.Оқушылардың ауызша  сөйлеуін, түсініп оқуын,  өз ойларын еркін жүйелі

                                   жеткізе алу қабілеттерін дамыту.

                                  3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, постер, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: бесік, бейнебаян, слайд, ребус, сурет.

ашық сабаққа арналған презентация | Просмотров: 1993 | Загрузок: 446 | Добавил: solnishka | Дата: 21.02.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абилова Гүлсім

Cабақтың тақырыбы:  Бесік жыры М.Жұмабаев

Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең

                                   түсінік беру.

                                  2.Оқушылардың ауызша  сөйлеуін, түсініп оқуын,  өз ойларын еркін жүйелі

                                   жеткізе алу қабілеттерін дамыту.

                                  3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, постер, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: бесік, бейнебаян, слайд, ребус, сурет.

Сабақтың барысы:

                          Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, сабаққа назарын аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Поэзия минуты:

 Әр топ екі оқушыдан сұрау.

  1. Әр топ екі оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.
  2. «Мен саған, сен маған» ойын арқылы өткен сабақты қайталау.
ашық сабақтар | Просмотров: 2200 | Загрузок: 416 | Добавил: solnishka | Дата: 21.02.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 71-80 81-82