Главная » Файлы » Ақын-жазушылар туралы

В разделе материалов: 5
Показано материалов: 1-5

Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 2847 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.05.2013 | Комментарии (0)

   (1835-1865)

          Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы. 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. 

            Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.  

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 1284 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

   Мағжан Жұмабай(Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 – 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 4004 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

                       Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.  

Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 2485 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 1262 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)