Главная » Файлы » Қазақ халқының ауа-райын болжауы

В разделе материалов: 3
Показано материалов: 1-3

 

           Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау.

  1. Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа-райы қолайсыз болады.
  2. Қыста күн құлақтанса қатты аяз болады.
  3. Жауын-шашын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.
  4. Қызара батқан күн-желдің, ашық –сары балып батқан күн- жаңбырдың белгісі.
  5. Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, бұдан соң қыс күні қар, жаз күні – жаңбыр күт.
Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау | Просмотров: 3185 | Загрузок: 307 | Добавил: solnishka | Дата: 20.09.2014 | Комментарии (0)

  • Жануарлар тіршілігіне қарай отырып ауа-райын болжау

 

  1. Құмырсқа илеуін биіктеу жерге салса, су тасқыны болады немесе қатты жауын жауып су деңгейі көтеріледі.
  2. Құмырсқалар илеуін құрғақ жерге салса – жауын, дымқыл жерге салса- жаз құрғақшылық болады. Ал, құмырсқа  илеуінің аузын бекітіп  алса ұзақ жаңбыр болады.
  3. Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.
  4. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Қой сүзіссе жел болар.
  5. Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен  басқа жаққа көше бастаса көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады.

  6.  

 

Жануарлардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау | Просмотров: 1145 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 20.09.2014 | Комментарии (0)

             Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау

  1. Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып, жел болады.
  2. Қыста қаздар қаңқылдаса жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады.
  3. Қаз бен үйректер суға шомылып , қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса ауа-райы бұзылады.
  4. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады.
Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау | Просмотров: 1020 | Загрузок: 242 | Добавил: solnishka | Дата: 20.09.2014 | Комментарии (0)