Главная » Файлы » Баяндамалар » Баяндамалар

Білім негізі –бастауышта
[ Скачать с сервера (19.1 Kb) ] 02.06.2014, 18:08

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
 бастауыш сыныптар бойынша 
оқу ісінің меңгерушісі

Үмбетқалиева Заря Зиятқызы

 

 

Білім негізі –бастауышта

Мұғалім  - мектептің  айнасы, бәйтерегі. Мұғалім  еңбегінің әлеуметтік  мәніне, елдің  мәдени  өміріндегі  белсенді  рөліне  кезінде  қазақ  зиялылары  көп  көңіл  бөлген.  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Жақсы  мұғалім  мектепке   жан  кіргізеді, басқа  кемшілігі  болса,  мұғалімнің  жақсылығы  жабады, білдірмейді» - деген  болатын. Мұғалім  білім  нәрін  себуші, мұғалім   жақсы  білімді  болса, білген  білімін  алдында  отырған  шәкірттеріне    үйрете  білсе,  ол  мектептен  бала  көбірек   білім  алып  шығады.  Өсіп   келе  жатқан  ұрпақ- адамзаттың   болашағы, жалғасы. Артта  қалған  ұрпақ  саналы  болса,  адам  баласының  жер  бетінде  жасауы да  сан  ғасырларға  жалғаса  береді. Білім  күші  құдіретте. Осы   егеменді, тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың  бастауы- мектеп  десек,  мектептің  басты  тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Адамның адам  болып  қалыптасуына   ата- аналармен  қатар,  мұғалімнің  де  рөлі  зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың  келешегі  қазіргі  ұстаздардың   қолында.

Білімнің алғашқы әліппесі бастауыш сыныптан басталатыны анық. Оқушының мектепте алған білімі , соның ішінде бастауыш мектеп кезеңінде алған білімі,   білік дағдалыры, оның болашақ өміріне жол салатыны белгілі. Бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңалықтар ,ұжым мүшелерінің толығуларына байланысты  бастауыш бірлестігі 1965 жылдан бастап өз алдына еншісін алды. Осы жылдар ішінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Адамның  жан дүниесін  түсініп,  ренжітпей,  қателігін  сездіре  білу – бұл нағыз  шеберлік  емес  пе?  Біз  осындай  шебер  мұғалімдерімізді  мақтан  етеміз. Білікті  басшы  Амирханов  Қибатқали  ағайдың  салған  ізімен,  1991/92 оқу  жылдарында   Тілеубаева  Қаламқас  оқу ісінің меңгерушісі болып, бастауыш  сынып  оқу ағарту  ісін  жоғарыдан  көрсете  білді.  Бастауыш  сыныптардағы мұғалім  саны 1995-2000  оқу  жылдарында 24-тен  36 -ға дейін  артты.  Бердина Сырға, Ізтүрова  Алтынгүл,  Абдіхалықова  Шолпан, Майшаева Ақбала, Бүркітбайқызы  Алтын, Тасқынбаева  Ибаш, Хасан  Күланда, Қараманова  Ақсұлу  сынды білікті, ұлағатты  ұстаздар мектебіміздің  мақтанышы  болып, жоғары  белестерден  көрінді. Сондай-ақ  олар  мектебіміздің  өсіп  өркендеуіне, биік белестерден  көрініп, асудан  асып, биік  шыңдардан   көрінуіне өз  үлестерін  қосып, аянбай еңбек  етті. Олар  өз  жемістерін  шәкірттеріне  бере  отырып, ізіне  ерер  ізбасарлар баулып  шығара білді. Олар: Қыдырбаева Венера, Көкен  Гүлжамал,  Изтилеуова  Айгүл, Шығысова  Раушан, Қойшина  Айсауле, Есенғұлова Жадыра, Изжанова  Гүлнар, Шығысова  Гүлзия. 

Мектебіміздің  алға басып   өрлеуіне  өз  үлесін  қосып,  жаңа  педагогикалық  технология   элементтерімен  сусындаған,  қазіргі  таңдағы  мектебіміздің  мақтаныштары  да  аз  емес. Олар: Шалхар  Рухия, Нұрмұхан  Үміт, Кенжебаева  Алтынгүл, Дүйсенбаева  Лятипа,  Мусина  Айнұр, Үргешбаева  Тазагүл, Назарова  Ләззат, Кадирова  Гүлбану, Шәмбіл  Ақерке, Тілеміс  Тазагүл, Абдихалықова  Аманбибі. Мектебіміздің  мақтан  тұтарлық  жетістіктері  ауыз  толтырып  айтуға  боларлықтай. 2004  жылы  облыс  бойынша «Үздік  ауыл  мектебі», 2005 жылы  «ХХІ  ғасырдың Таңдаулы  ауыл  мектебі», «Ауыл мектебі  осындай  болу  керек» деген  атақтарды  алуына  бастауыш  сынып  ұжымының  еңбегі  орасан  зор.

 Халықаралық  көлемде  өткізілген  «Қанатты  әйел»   идеялары  мен  тауарларының аймақтық   әйелдер   жәрмеңкесінің  конкурсына  М. Әбдіхалықов  орта  мектебінің  бастауыш  сыныптар  ұжым  мүшелері  Тілеубаева Қаламқас,  Көкен  Гүлжамал, Айкшова  Гүлзипаш, Қыдырбаева  Венера құралған  топ қатысып «Білім   номинациясы»  атағымен  марапатталды.

2007 ж Қаламқас Қалиқызы бастаған  «Өрлеу» тобының шығармашылық жұмысы «Алматы» баспасы арқылы республика көлеміне таратылып, «Бастауыш сыныптағы шығармашылық жұмыстың ұйымастырылуы» тақырыбындағы жинақ басылып шықты.

2000-2005 жылдары  аралығында    жас  ұстаздарды   шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  іздендіру, ұжым  мүшелерін  бір  мақсатқа  бағыттау   мақсатында  бастауыш  сынып  бірлестігінің   әдістемелік  топтары, «Тәлімгерлер  тобы» ( Тілеубаева   Қаламқас, Хасан  Күланда, Бүркітбайқызы  Алтын, Үмбетқалиева  Заря),  «Шығармашыл  топ» ( Әйкешова  Гүлзипаш,Нұрмұхан Үміт, Көкен  Гүлжамал, Қыдырбаева  Венера)  «Ізденіс тобы»   (Кадирова  Гүлбану, Изтилеуова  Айгүл, Шәмбіл  Ақерке, Тілеміс  Тазагүл) жұмыс  жасады.

 Сапалы  білім  мен  өнегелі  тәрбие  алған   бала  әрқашан білімі  арқылы да  әдебі  арқылы  да   биіктерден  көрінетіні  анық. Тәрбие  мен білім  егіз  дегендей оқушыларымыз бен  ұстаздарымыздың  тәрбиелік  іс- шараларға  үзбей қатысып, өздерін  тағы бір  қырларынан  көрсетуінің  нәтижесі   Үмбетқалиева  Заря, Айкешова  Гүлзипаш, Көкен  Гүлжамал, Дүйсенбаева  Лятипа  сынды  өз  ісінің  шебері, майталман ұстаздарымыздың еңбегі.

 Қазақстан  Республикасының   әлеуметтік, экономикалық   және  саяси  өміріне  белсене  қатысатын  құзіретті  тұлғаны  даярлау  мақсатында   ашылған   12  жылдық  жалпы  білім  берудің облыс  бойынша   тәжірибе     жасау  мақсатында  ашылған  3 мектептің  бірі  болып  «12  жылдық  тәжірибе»  сыныбы осы  М. Әбдіхалықов   орта  мектебінің  2003  жылы   алғашқы  бүлдіршіндері  табалдырығын  аттады. Эксперимент   сыныбына  6 жасар  балалар  қабылданды Тәжірибе  алаңының   ұйымдастырушылары, ұстаздары , мектеп  директоры,  оқу  ісінің  меңгерушілері  осы  оқушылардың  білім  алуына  жағдай  жасады.  Солардың  бірі  және    ең алғашқы   болып    Қыдырбаева   Венера,   2004-2005 оқу жылында  Көкен  Гүлжамал,   2005-2006 оқу ж   Кадирова  Гүлбану, 2006/2007 оқу  жылында  Шығысова  Раушан  жұмыс  жасады. 

«Ұстазсыз  шәкірт  тұл»  демекші, өзі  тәлім тәрбие  берген  ұзтаздан  оза  шауып, мектептің   1996   жылғы  түлегі  Қыдырбаева  Венера    2008/2009 оқу жылында мектеп директорының  оқу  ісінің   меңгерушісі  болып,   жұмыс  атқарды.

2009/2010  о/ж  оқу  ісінің  меңгерушісі  Үмбетқалиева Заря  болды.  Осы  оқу  жылында Үмбетқалиева Заря аудандық  «Үздік тәрбиеші» байқауына қатысып «Жаңашыл ұстаз» атағымен марапатталды.

Қазіргі  таңда  мектепте  63  ұстаз  қызмет  етуде. Оның  жоғары  санаттысы  11, І санаттысы  7, ІІ санаттысы 14.  Бастауыш  сыныптар  ұжымы  жылдан- жылға  жас  мамандармен  толығуда. Бастауыш  сыныптарда  667  оқушы  білім  алса, оның  үздігі 92, екпіндісі 187. Ұстаздарымыздың  елеулі  еңбегінің  арқасында  дарынды  балалар  көбейіп, олар  алдыңғы  қатарлардан  көріне  білді. Оқушыларымыз  ауданды, облыстық , қала  берді  республикалық  бастауыш  сыныптар  олимпиадасында, «Ақбота», «Кенгуру»  сынды  интелектуалдық  марафондарында  үлкен  жетістіктерге  жетіп, жүлделі  орындарға  ие  болып  жүр.   Атап  айтар  болсақ Иса  Гүлнұр,  Әлімжан  Қанат, Бүркіталиев  Айберік,  Әзенова  Саяжан. Олимпистер  саны  жылдан  жылға  артып  келеді.  Осының  бәрі  ұстаздар  мен білікті  басшының  тынымсыз  еңбегінің  арқасында.

 Бүгінгі   ұстаз   ескінің  көзіндей, жаңаның  өзіндей  болып,  дүниежүзілік    мәдениетті танитын,  төл  мәдениетін  танитын  қастерлейтін сыйлайтын,  оны  өзгеге  таныта  алатын  рухани  дүниесі  бай,  интелектуалдық  деңгейі  жоғары, білімді- білікті  жас  мамандарымыз  баршылық.

  Олар:   Шәмбіл  Ақерке, Назарова  Ләззат, Даулетбаева Нағима, Бекова  Қалбибі, Жақайқызы Сауле, Қосымбаева  Айзада

      Сонымен  қатар,  сегіз  қырлы, бір  сырлы  оқушыларымыз  да  аз  емес. Олар түрлі  өнер  байқауларында  оза  шауып,  әлемдік  деңгей  дәрежесіне  дейін  көрініп, бақтарын  сынап  жүр.  Атап  айтар  болсақ,  сөз тас жарады, тас  жармаса  бас  жарады  демекші  Республикалық    «Тазша  бала»  сайысында  Мөңкеев Сұңғат  оза  шапса,Қуанышқалиева  Малика ән айтудан «Ақ көгершін» байқауына қатысып  марапаттауға ие болып, 3 –ші сынып оқушысы Сембаева Қ.  көркем сөз оқудан ІІІ орынға ие болды.

 Республикалық  «Балауса» фестивалінен 4- ші сынып  оқушылары  алдыңғы  қатарлы  жүлделерді  тақымына  байлап  қайтты.

      Бөбек қоғамдық қорының жетекшісі Сара Алпысқызының 71 жылдық мерейтойына байланысты өткен облыстық   «Өз жүрегімнен» атты мәнерлеп оқу сайысында   Қаржаубай  Динара  ІІІ орынмен марапатталды.  

2009/2012   оқу  жылдары    арасында  мектеп әдіскері   болған  Нұрмұхан Үміт   Кадирова Гүлбану жетекшілік ететін 3 «а» сыныбына  өзін - өзі тану пәнінен  онлайн   сабақ өткізіп, республикалық «үздік сабақ»  қорына өтті.

  Білім  беру  бағытында  дарынды  балаларымыз    өз шығармашылық  ізденістерімен,  зерттеулер  жүргізе  отырып,«Зерде»  ғылыми жобасы  бойынша  2011/2012 оқу жылында   Таймұрат  Гүлмира  жетекшілігімен Рамазанова Анара   шұбатты  зерттеп, республикадан  І орын   иеленсе, Шәмбіл  Ақерке  жетекшілігімен  Өтешова Іңкәр  жусанның  пайдасын  зерттеп  республикадан ІІорынды  қанжығасына  байлап қайтты.2012/2013  оқу  жылында   4 сынып   оқушылары тақырыптар қорғай отырып , Жарылғапова Сая «Қамшы киелі жәдігер» жетекшісі –Изтилеуова Айгүл аудан, облыстан І орын,  Сембаева Құралай «Қанттың пайдасы мен зияны» жетекшісі Қойшина А ауданнан І орын,  Изтилеуова  Данагүл  «Жүзжылдық алоеның пайдасы және емдік қасиеттері »  жетекшісі Дүйсембаева Л ауданнан І орын,  3 ә сынып оқушысы  Саяси Ақбота «Біз арқылы тоқумен  оқушыларды психологиялық шыдамдылыққа үйрету»  тақырыбымен  жетекшісі - Назарова  Ләззат ауданнан І орын, облыстан ІІ орын алып, мектеп намысын қорғады.

 Білім  негізі- бастауышта. Оқушының  алған  білімі, әсіресе  бастауышта  алған  білімі, білік дағдылары, оның  болашақ  өміріне жол  салатыны  белгілі. Сондықтан да  болашақта   бастауыш  мұғалімдері оқушыны  жан-жақты  дамытуға  мүмкіндік  беретін  озық әдіс- тәсілдермен,  жаңа  пед  технология  элементтерін  негізге  ала  отырып, әліде  биік  асуларды  бағындыратынына  сенімім  мол.

Категория: Баяндамалар | Добавил: solnishka
Просмотров: 4128 | Загрузок: 107 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]