Главная » Файлы » тәрбие сағаттары |
[ Скачать с сервера (26.0 Kb) ] | 10.04.2014, 09:17 |
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан. Өтес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дабысова Риза Қуанышқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд. -Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім – тірегім» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер! - 16 желтоқсан қандай күн? - Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық? Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Себептер 2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше, осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат. Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар . ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру) Ендеше , балалар бүгін біз осы туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады. Сайыс кезеңдерімен таныстыру. 1. Сайыскерлер өздерін таныстыру. 2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру. 3. Бұл қай ғимарат? 4. Мәнерлеп оқу 5. Қабырға газетін қорғау. 6. Ұйқасын тап. -Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді. - Беташарын сайысымыздың бастайық, Көрермендерді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін. Өнеріне ду қол соғып қостайық.
2. «Кім көп біледі?» бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру. 1. Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрнісі? 2. Мемлекетіміздің астанасы қай қала? 3. 16-желтоқсан қандай күн? 4. Тудың авторын атаңыз. 5. Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз? 6. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? 7. Елтаңбаның авторы кім? 8. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? 9. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? 10. Қазақстан Республикасыныңтөл теңгесі қашан айналымға шықты? 11. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан кімдерді білесің? 12. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай) 3. Бұл қай ғимарат? 1. Хан шатыры – Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада? 2. Бейбітшілік пен келісім сарайы Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада? Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай) Ән тыңдау: Десантшылар ( 2 ұпай) 4. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай- деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту. Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай) 5. Қабырға газетін қорғау. 6. Ұйқасын тап. 1-топ: Тәуелсіздік жолында 2-топ: Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау. Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:
| |
Просмотров: 5275 | Загрузок: 205 | |
Всего комментариев: 0 | |