Главная » Файлы » Баяндамалар

В разделе материалов: 3
Показано материалов: 1-3

Хронологиялық деректер
1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1718 ж. — Семей қаласының салынуы.
1670—1697 жж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары.
1697 — 1727 жж. — Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары.
1720 ж. — Өскемен қаласының салынуы.
1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.
1725 ж. — жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы.
1726 ж. — Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы.
1728 (1726) ж. — Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары.
1730 ж. — Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі.
1729 (1730) ж. — Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі.
1731 ж. — А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы.
1734 ж. — И.К.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы.
1735 ж. — Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі).
1740 ж. — Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы.
1740 ж. — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі.
1741—1742 жж. — Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы.
1745 ж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы.
1748 ж. — Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі.
1748 ж. — 1785 ж. — Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі.
1752 ж. — Петропавл қаласының салынуы.
1756 ж. — Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы.
1756—1757 жж. — Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі.
1756 ж. — Абылайға Қытай елшілігінің келуі.
1757—1777 жж. — Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі.
1758 ж. — Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы.
1771—1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.
1773—1775 жж. — қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
1783—1797 жж. — Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.

Баяндамалар | Просмотров: 1564 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 13.04.2015 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
     бастауыш сыныптар бойынша 

тәрбие ісінің меңгерушісі

Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы

 

                                                              Тәрбие көзі –болашақ бастауы

          Қазақстан –тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді де,тәрбиелі ұрпақ.Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі.Біз білімді ұрпақ,білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыратын тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік , ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батылдық, отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы тиіс.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

деп  Абай атамыз айтқандай  бүгінгі жас ұрпақ өмір шыңынан өз орнын табуы тиіс.Ол үшін адам ең әуелі өзін-өзі тануы және өзгеге өзін таныта білуі тиіс.

          Адамның рухани сұлулығының басты белгісі-адамгершілік тәрбие.Жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу үшін тәрбиенің кешенді бағыттары бір-бірімен тығыз байланыста қатар жүреді.Біз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін ұрпаққа біліммен қоса тәрбиені де қатар беруіміз қажет.Біз аспан әлеміндегі сан мыңдаған жұлдыздар ішінен жарқырап көзге түсетін және ол ағып кетпейтін жарық жұлдыздарды ерекше көре аламыз.Ендеше, біз де бала бойына жауапкершілік,адалдық,сыпайылық,жанашырлық,өзара көмек,өзара келісім,ақ ниеттілік сияқты ұлы қасиетті сіңдіре білсек,бала неге осы жұлдыздай жарқырап көрінбеске.

Баяндамалар | Просмотров: 4683 | Загрузок: 166 | Добавил: solnishka | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
 бастауыш сыныптар бойынша
 оқу ісінің меңгерушісі

Үмбетқалиева Заря Зиятқызы

 

 

Білім негізі –бастауышта

Мұғалім  - мектептің  айнасы, бәйтерегі. Мұғалім  еңбегінің әлеуметтік  мәніне, елдің  мәдени  өміріндегі  белсенді  рөліне  кезінде  қазақ  зиялылары  көп  көңіл  бөлген.  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Жақсы  мұғалім  мектепке   жан  кіргізеді, басқа  кемшілігі  болса,  мұғалімнің  жақсылығы  жабады, білдірмейді» - деген  болатын. Мұғалім  білім  нәрін  себуші, мұғалім   жақсы  білімді  болса, білген  білімін  алдында  отырған  шәкірттеріне    үйрете  білсе,  ол  мектептен  бала  көбірек   білім  алып  шығады.  Өсіп   келе  жатқан  ұрпақ- адамзаттың   болашағы, жалғасы. Артта  қалған  ұрпақ  саналы  болса,  адам  баласының  жер  бетінде  жасауы да  сан  ғасырларға  жалғаса  береді. Білім  күші  құдіретте. Осы   егеменді, тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың  бастауы- мектеп  десек,  мектептің  басты  тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Адамның адам  болып  қалыптасуына   ата- аналармен  қатар,  мұғалімнің  де  рөлі  зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың  келешегі  қазіргі  ұстаздардың   қолында.

Білімнің алғашқы әліппесі бастауыш сыныптан басталатыны анық. Оқушының мектепте алған білімі , соның ішінде бастауыш мектеп кезеңінде алған білімі,   білік дағдалыры, оның болашақ өміріне жол салатыны белгілі. Бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңалықтар ,ұжым мүшелерінің толығуларына байланысты  бастауыш бірлестігі 1965 жылдан бастап өз алдына еншісін алды. Осы жылдар ішінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Адамның  жан дүниесін  түсініп,  ренжітпей,  қателігін  сездіре  білу – бұл нағыз  шеберлік  емес  пе?  Біз  осындай  шебер  мұғалімдерімізді  мақтан  етеміз. Білікті  басшы  Амирханов  Қибатқали  ағайдың  салған  ізімен,  1991/92 оқу  жылдарында   Тілеубаева  Қаламқас  оқу ісінің меңгерушісі болып, бастауыш  сынып  оқу ағарту  ісін  жоғарыдан  көрсете  білді.  Бастауыш  сыныптардағы мұғалім  саны 1995-2000  оқу  жылдарында 24-тен  36 -ға дейін  артты.  Бердина Сырға, Ізтүрова  Алтынгүл,  Абдіхалықова  Шолпан, Майшаева Ақбала, Бүркітбайқызы  Алтын, Тасқынбаева  Ибаш, Хасан  Күланда, Қараманова  Ақсұлу  сынды білікті, ұлағатты  ұстаздар мектебіміздің  мақтанышы  болып, жоғары  белестерден  көрінді. Сондай-ақ  олар  мектебіміздің  өсіп  өркендеуіне, биік белестерден  көрініп, асудан  асып, биік  шыңдардан   көрінуіне өз  үлестерін  қосып, аянбай еңбек  етті. Олар  өз  жемістерін  шәкірттеріне  бере  отырып, ізіне  ерер  ізбасарлар баулып  шығара білді. Олар: Қыдырбаева Венера, Көкен  Гүлжамал,  Изтилеуова  Айгүл, Шығысова  Раушан, Қойшина  Айсауле, Есенғұлова Жадыра, Изжанова  Гүлнар, Шығысова  Гүлзия.

Баяндамалар | Просмотров: 4113 | Загрузок: 107 | Добавил: solnishka | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)