Главная » Файлы » қазақтың салт-дәстүрі туралы

В разделе материалов: 3
Показано материалов: 1-3

 

Ерулік[1] — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді де көздейді. ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».

 

 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 6625 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 33776 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Қалың мал, - қазақта қызды малға сатады деген бір жақты ұғым. Ол бастағы айтқанымыздай, теңіне бере алмаған жағдайда ғана. Ал төленетін қалың мал орта есеппен қырық қара, төрт жыртыс болғанымен қыз жақ бұдан пайда таппайды. Бар болса басына ақ отау тігіп береді. Төсек-орын, ыдыс-аяқ, сауын сиыр, мінер ат. Бір жылдан кейін берілетін енші, жиеннің шұбар тайы мен серкеші  есептелінсе,  ол қалың малдың  құнынан кем түспейді. 

Қыз танысу. Осы кем түсірмеудің бір жолы  «қыз танысу». Қыз жанына бір жеңгесін және бір туысын ертіп жан-жақтағы туыстарын кемінде бір ай аралайды, қоштасады. Барған үйлері оның  дайындалып жатқан төсек-орнына кілем, алаша, сырмақ, киіз үйдің кереге, үзік, туырлық, керме-бау сықылды бұйымдарын және киім береді. Ел-жұртына, түысына. Жекжатына өзі, ата-анасы сыйлар бұл жолы артынып-тартынып келеді. Бұл жолы танысқан қызды қазақ салты бойынша ерекше құрметтейді. Барған үйлері ойын-думан өткізіп, бас қосады. 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 8485 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)