Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 82
Показано материалов: 81-82
Страницы: « 1 2 ... 7 8 9

                       Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.  

Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 2485 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 1262 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 61-70 71-80 81-82