Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 82
Показано материалов: 71-80
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 »

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)



Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)




Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)






Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)



Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)




Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)



Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық)



Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?
(Үкі)



Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.
(Кенгуру)

 

жануарлар туралы | Просмотров: 8490 | Загрузок: 285 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

 

Ерулік[1] — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді де көздейді. ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».

 

 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 6608 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 33752 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Қалың мал, - қазақта қызды малға сатады деген бір жақты ұғым. Ол бастағы айтқанымыздай, теңіне бере алмаған жағдайда ғана. Ал төленетін қалың мал орта есеппен қырық қара, төрт жыртыс болғанымен қыз жақ бұдан пайда таппайды. Бар болса басына ақ отау тігіп береді. Төсек-орын, ыдыс-аяқ, сауын сиыр, мінер ат. Бір жылдан кейін берілетін енші, жиеннің шұбар тайы мен серкеші  есептелінсе,  ол қалың малдың  құнынан кем түспейді. 

Қыз танысу. Осы кем түсірмеудің бір жолы  «қыз танысу». Қыз жанына бір жеңгесін және бір туысын ертіп жан-жақтағы туыстарын кемінде бір ай аралайды, қоштасады. Барған үйлері оның  дайындалып жатқан төсек-орнына кілем, алаша, сырмақ, киіз үйдің кереге, үзік, туырлық, керме-бау сықылды бұйымдарын және киім береді. Ел-жұртына, түысына. Жекжатына өзі, ата-анасы сыйлар бұл жолы артынып-тартынып келеді. Бұл жолы танысқан қызды қазақ салты бойынша ерекше құрметтейді. Барған үйлері ойын-думан өткізіп, бас қосады. 

қазақтың салт*-дәстүрі | Просмотров: 8468 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

 

Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.

 

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

 

Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

отбасы туралы | Просмотров: 48989 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (4)

Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қаламын қаламын.
Нұрсұлтан Назарбаев

Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.
Шерхан Мұртаза

 

 

туған жер туралы нақыл сөздер | Просмотров: 24901 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

Ана тілі туралы ойлар, қанатты сөздер ашық сабақтарға материалдар/

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.

Қабуснамадан

*******************


 

тіл туралы нақыл сөздер | Просмотров: 50485 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (1)

     Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

       М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебіннің

       бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз

Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту. Оқушылардың ана тіліне

                                           деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақ тілі болашағым, ертеңім... атты газет көрмесі  , нақыл сөздер ,                                                     

                                          Шарлар

Сабақтың жүрісі:

-Құриетті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!

-  Балалар,  біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. 

 

тәрбие сағаттары | Просмотров: 11915 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)

   (1835-1865)

          Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы. 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. 

            Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.  

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 1276 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

   Мағжан Жұмабай(Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 – 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Ақын жазушылардың өмірі | Просмотров: 3985 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 26.04.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-80 81-82