Главная » Файлы » жұмбақтар

В разделе материалов: 5
Показано материалов: 1-5

Адам дене мүшелері туралы жұмбақтар

Он алтысын көк аспанға қададым.

Ортасына бір тоты құс қамадым.

Тауып көрші таудай болса талабың.       (тіс пен тіл)

 

Ти десем , тимейді,

Тиме десем , тиеді.   (Ерін)

 

Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған.   (көз)

 

адамның дене мүшелері туралы | Просмотров: 3995 | Загрузок: 320 | Добавил: solnishka | Дата: 19.09.2014 | Комментарии (0)

 Табиғат, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар

Бір тілім болып туады,

Күннен күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады.  (ай)

 

Көзіңе көрінбейді,

Қолыңа ілінбейді.

Бірақта құлағыңа

Ұдайы күбірлейді. (жел)

 

 

табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар. | Просмотров: 2363 | Загрузок: 340 | Добавил: solnishka | Дата: 19.09.2014 | Комментарии (0)

Алфавитік жұмбақ

Тарақта бар,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

       Аста жоқ.       (Т)

 

Тұзда бар,

Суда жоқ.

Мұзда бар,

    Буда жоқ. (З)

 

Нуда бар,

Шөлде жоқ.

Суда бар,

        Шөлде жоқ. (У)

Алфавиттік жұмбақтар | Просмотров: 2798 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 19.09.2014 | Комментарии (0)

         Оқу құралдары, мектеп туралы жұмбақтар

Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

 

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)

 

Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

 

Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

 

Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

 

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

 

Кiшкене құдықтан,

мектеп, оқу-құралдарына арналған жұмбақтар | Просмотров: 4167 | Загрузок: 0 | Добавил: solnishka | Дата: 15.09.2014 | Комментарии (0)

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)



Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)




Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)






Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)



Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)




Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)



Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық)



Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?
(Үкі)



Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.
(Кенгуру)

 

жануарлар туралы | Просмотров: 8495 | Загрузок: 286 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)