Главная » Файлы » тәрбие сағаттары

Қымыз – шипалы сусын
[ Скачать с сервера (2.76 Mb) ] 02.04.2014, 15:30

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

                                      Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

 

 

Тақырыбы:  Қымыз – шипалы  сусын.

Мақсаты: Оқушыларға  үй  жануары — жылқы  жайлы  таныстыра  отырып,  соның  ішінде  қазақ  халқының  ұлттық  тағамдарының  ішіндегі  ең  бағалы  дастархан  дәмінің  бірі –қымыз  жайлы  түсінік  беру,  қымыздың  пайдасын,  маңызын  түсіндіру,  қымыз  сусынына  деген  танымдық  қызушылығын  арттыру,  қымыздың  шипалық  қасиетін  ұғынып   қастерлеу.

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивтік тақта, қымыздың, қымыз құятын дыстардың  суреті.

Сабақтың барысы:              І. Ұйымдастыру.

-Құрметті  оқушылар,  бізде бүгін  «Қымыз – шипалы  сусын» атты  ашық  тәрбие сағаты.

-Балалар,  биыл қандай жыл?

-Жылқы  жылы.

-Дұрыс айтасыңдар.

 

Мұғалім:               

    Қазақ  үшін  ең  құнды, қасиетті мал – жылқы. Қазақ  халқы  жылқыны  ел  қорғаны,  ердің  жан  серігі  дейді.  Қазақ  ат  десе  ішкен  асын  жерге  қояды.  Ең  қасиетті,  ең  қадірлі  малы.  (Бүкіл  мәдинеті  жылқы  түлігімен  байланысты). Мінсең көлік,  жесең ет, ішсең  сусын, терісінен  бұйым,  ыдыс,  жасайды, жал-қылынан  арқан, жүген  еседі,  Айғырдың  құйрық  қылынан  қобызға    шек  жасайды.

Жанына  халқымыздың  жылқы  жаққан,

Жылқыға  жетпеген  көз  жаутаң  қаққан,

Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең  қазы, 

Қашаннан  қазақ  халқы  жылқы  баққан – деп  жырлаған  екен  атақты  Ілияс  Жансүгіров.

-Балалар,  жылқының  бір қасиеті – сүтінде. Ендеше,  жылқы сүтіннен не ашытылады?

-Қымыз ашытылады.

 

Дамир:

       Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен  қымыз  ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы  қымыз . Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Бие  сүті — қымыздың  отаны  Қазақстан.  Қымыз  дертке  шипа,   ерекше  дәмді,  құнарлы,  адамның  тәбетін  шақыратын  хош  иісті  пайдалы  жылқы  сүтінен  алынған  сусын. Өйткені  жылқы  жайлауда  еркін,  дәмді, құнарлы,сан  алуан  гүл  бәйшешектермен,  мың  түрлі  дәрі  дәрмектік  шөптердің  шұрайлысын  үзеді. Тек  бие  сүтінен  дайындаған  қымыз  нағыз  қымыз  деп  атаймыз .  Ол  тек  бие  сүтінен  ашытылады.  Жаңа  сауылған  бие  сүтін  күбіге  арнаулы    қордың  үстіне   құйып,   көп  пісіп    жылы  ораған.    Қымыз  сүт  тәрізді  ақ  түсті  сұрғылт  түсі  бар  сұйық, газдалған,  ащылау  дәмі  болады.  Қазақтар  жылмаусымына  қарай  қымызды  уыз  қымыз,  жазғы  қымыз, күзгі  қымыз, қысқы  қымыз, сары  қымыз,  түнемел  қымыз, бал  қымыз деп  атаған.  Бұдан  басқа  25  түрі  бар.

 

-Ендеше,  сол  қымыздың  түрлерін  оқушылардан сұрайық.

 

Ерасыл:

Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Кейде оны май қымыз деп те атаған. Бұл алғашқы қымызды сапыруға ауылдағы үлкен-кіші жиналып, ақ тілек білдіріп, бөліп ішу халықтық салт болған.

 

Ұлмира:

Сары қымыз – жаз ортасында шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз. Бұл кезде қоныс аудару сияқты көшіп-қонудан қымыз көп шайқалып, көп пісіледі де ірімтігі жақсы жазылып,

 

ашуы білінбей, қымыз күші өз бойына сіңген сарғылт болады. Жаңа сабаның иісі, дәмге толған гүл бәйшешек шырындары қымызға ерекше дәм береді. Сары қымызды ішкен адам жадырап, терлегіш, көп ішсе маужырап ұйықтағыш келеді.

Арман:

Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз. Түнемел қымыз асықпай отырып, ұзақ мәжілістерде ішуге даярланады. Оның қыздыратын күші болады.

 

Жасұлан:

Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, ұзақ отырыста ішіп отыру үшін дайындалады. Төрт тәулік бойы ашытылған қымыз дөнен қымыз, бес тәулік бойы ашытылған қымыз бесті қымыз, онан күштісі асау қымыз деген күшті қымыздар да көбінесе сондай мәжіліс, тойларға арналып ашытылған.

Саумал баяу ашытылған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз. Қорабалы қымыз – қордың үстіне сүт құйып, бірнеше күн жиналған мол қымыз, оны қорланған қымыз деп те атайды.

Нұрбек:

Бал қымыз – қымызға тәттілік беру үшін, бал, қант, өрік, мейіз қосып піседі. Бал қымыз көбінесе сырқат адамға, балаларға, сондай-ақ жаңа босанған әйелдерге арналады.

Қорабалы қымыз – қордың үстіне сүт құйып, бірнеше күн жиналған мол қымыз, оны қорланған қымыз деп те атайды.

 

Әділ:

Қысырдың қымызы – бұл әдетте, қыс айларында ауру адамға немесе үлкен той-думандарға, кейде өте сыйлы қонақтарға арнап, жазда қысыр қалған, бірақ тайы еміп жүрген биелердің сүтінен ашытылады.

Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қарағанда әлде қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте ту қымыз деп те атайды.

Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.

 

-Кәне, қымызға  байланысты  өлең, мақал — мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтайық.

 

Рақым:

Үйірілген  қышқыл, тәтті,  сары  қымыз,

Ауруға  — ем, сауға  қуат, дәрі  қымыз.

Елінің  кеңістік  сүйген  асы,

Шығаршы  тағы  нең  бар  кәрі қымыз.

Балдай  тәтті  дәмді  қымыз  бұл  қымыз.

Балдай  қымыз  сабадағы  сары  қымыз.              

Жанға  дауа емге  шипа  бәріне,                               

Бәріңізге  ұнайтұғын  дәрі  қымыз.                                 

 

Әлия:

Ей- ей  ей  бал  қымыз.

Ей- ей  ей  бал  қымыз.

Жанымызға, дертке дауа дәм қымыз

Сары  қымыз  дәмді  қымыз  бал  қымыз.

Атамызда- анамызда  сүйеді.

Үлкен- кіші дәмін оның  біледі.

Суық тиіп  қалса  егер  денеңе,

Қыздыратын   қуаты  мол дәрі   қымыз.

 

 

Данияр:

-Айранды  көріп  азба, 

Қымызды  көріп  қызба.

-Қымызы  бар  үйдің  қызуы  бар.

-Қымыздан  асқан  дәм  болмас, жылқыдан  асқан  мал  болмас

-Көженің кенеуі болса,

 Қымыздың қызуы бар.

-Бір аяқ қымыздың, екі аяқ желі бар.

 

Асылбек:

Бие  сүті  құюлы,

Тері  қабым  сыйымды.

Оқтауым  тұр  пісетін

Көмейіне  сұғулы.

 

Бибарыс:

Сабада  да  қымыз  бар,

Шарада  да  қымыз  бар.

Сабадағыны  пісіп  іш,

Шарадағыны  құйып  іш.

 

Феруза:

Жылқы  сүті — ол  қымыз,

Дәрі  қымыз,  бал  қымыз.

Күбіде  оны  ыстайды,

Салқын  жерде  ұстайды.

 

Жасұлан:

Қымыздың  дәмді, сапалы  дұрыс  ашуы  ыдысқа  да,  пісуге  де байланысты.  Қымыздың  өзіне  тән  ыдыстары бар. Олар:  торсық,  мес, күбі, саптаяқ, ожау, тегене-емен  ағашынан  жасап, жуып  кептіріп, қаймақ  жағып, тобылғы, қайың ағаштарының  түтінімен  ысталады.  Піспегі — Аршаның  қызылынан  ойылады. Бие  сауатын  шелек,  қымыз  тегене,  ағаш  ожау, шөміш.  Бірақ  қымыз  ешқашан  темір  ыдысқа  құйылмайды.

                

                 Торсық                            Мес                             Күбі

 

        

                  Саптаяқ                     Тегене                         Ожау

-Өздерінің  дайындап  келген қымыздың – емдік  қасиеттері туралы бізге  Мадина мен Ғалиябану  айтсын.

Мадина:

    Бие  сүті  ең  алдымен   қазақтарды  кеңінен жайлаған  аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем.Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қантамырларының жұмсақтығымен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қантүйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.

    Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем, өйткені оның құрамына В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының болатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының, жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады.

    Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде С витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруларынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондындықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В.Толстиков деген дәрігер: «қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады»- деп жазған екен.

 

Ғалиябану:

Бие  сүтінде адамның  денсаулығына  керекті  барлық  витаминдер  бар. Әсіресе  ол  А  және  С  витаминдеріне  бай. Сонымен қатар В тобындағы витаминдер Д, Е, F витаминдері болады. В тобына  жататын  барлық  витаминдер  организмнің  қалыпты     тіршілік  ету  үшін  қажет .  Мәселен  адам  тағамында  В1 витамині  жоқ  болса  онда  ол   бери-бери   ауруына    шалдығады . Бұл  ауруына   шалдыққан  адамның  қозғалғыш   және   сергек   сезім    нервтері   зақымнады   парпличке  айналады. В12  витамині  жеткліксіз  болса  жілік майында  қан  құрау  бұзылып  қан  аздық  пайда  болады.

Қымыз  ашытқанда  кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: биотин, тиамин, В12 витаминінің мөлшері кемиді; рибофлавин, фоли қышқылы сол күйінде қалады; пантотен  қышқылы артады. Қымызда мынадай минералдық заттар бар: кальций тотығы – 48%, магний тотығы – 3,4%, фосфордың  бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%. Міне, бұның бәрі ғылымның  дәлелденген шындығы. Қымыздың пайдасының көл-көсір екенін білген немістер  жаңа туған балаға ішкізе бастағанын ақпарат құралдары арқылы оқып жүрміз..                   

        Қымыз  туралы  сөз  болғанда  биология  ғылымдарының   докторы  профессор З.С Сейітов   былай  дейді бұл сусын   көптеген  халықтарға ерте кезден-ақ  белгілі. Оның  түп тамыры  - сонау  скифтерге  дейін  барған деген  пікірін ортаға  салған  екен. Иа,қалай болғанда да қымыздың  қазақтың тарихынан бөліп қаруға болмас. Себебі ол  біздің ұлттық сусынымыз..

                                         Қорытынды:

-Саумал да, қымыз да 40 түрлі ауруға ем екен.  Оны  ішкен адамның  бойында  күш  қуаты  артып, қаны  көбейіп,  денсаулығы  жақсара  түседі.  Шетелден  келетін  сусынды  ішіп  ауырғанша,  қымыз  ішіп  бойға  қуат  жинаған  дұрыс  дей келе  бүгінгі  ашық  тәрбие  сағатымызды  аяқтаймыз.                 

Категория: тәрбие сағаттары | Добавил: solnishka
Просмотров: 7735 | Загрузок: 170 | Рейтинг: 4.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]