Главная » Файлы » тәрбие сағаттары

Елбасы мұраты - ел бақыты
[ Скачать с сервера (979.5 Kb) ] 02.04.2014, 15:22

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

                                      Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

 

Тақырыбы: Елбасы мұраты -  ел бақыты

Мақсаты: оқушыларға елі сүйген, елін сүйген  Елбасының өмір  жолы,  оқып білім алған,  қызмет еткен  жерлері  туралы  мағлұмат   беру.  Елбасының өмір  жолынан  үлгі  алу,  жақсы  оқу,  адал  еңбек  ету,  Отанын  сүюге,  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

Көрнеклігі: Н.Ә.Назарбаевтың портреті, плакаттар т.б.

Кіріспе

   Қазақстан  Республиксының  әрбір  азаматы  тәуелсіз  елін  мақтан  тұтатын жөні  бар.  Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  аңсап  өткен Тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  бері  талай-талай  асқарлы  асуларды  бағындырдық.

   Елімізде  ұлттар  достығы  қанат жайып  келеді.  Бұл  жетістікте  сөз  жоқ  еліміздің  тұңғыш  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  сіңірген  үлкен  еңбегі  бар. 

      Құрметті  оқушылар!  Баршамызға  белгілі  еліміздегі  мерекелер  заңына  сәйкес  1 желтоқсан  «Тұңғыш  Президент»  күні  болып  жарияланды.

1991 жылдың  1 желтоқсанында  тұңғыш  рет  Қазақстан  Президентінің  жалпы  халықтық сайлауы  өтті. Сайлау  нәтижесінде  халықтың таңдауымен – еліміздің  президенті  болып  Н.Ә.Назарбаев  сайланды.

          Н.Ә.Назарбаев  1940 жылы 4 шілдеде  Алматы  обылысы,  Қарасай  ауданы,  Шамалған  ауылында  дүниеге  келді.  Балалық  шағы  таршылық  заманда  өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,  бау – бақша  өсіруіне  көмек  көрсету  керек  болды,  шөпшек  теріп,  отын  жарды.  Мектепті  жақсы  оқып,  жақсы  білім  алды.  Ата –анасын  құрмет  тұтты.

      Нұрсұлтанның  өмірге  келуі:   Ата – анасы  біраз  жыл  перзент  сүймей  жүріп,  Райымбек  бабаның  басына  екі  күн  түнеп,  түнде  анасы  түс  көреді.

Түсінде  теңізге  түсіп  кеткен  екен.  Судың  түбінде  демі  тарылмай,  кәдімгідей  жүре  беріпті.  Теңіздің  түбінен  аппақ  темірден  жасалған  ұзын  мылтық  көріпті. Мылтықты  мойнына  іліп  алып,  жүзіп  жағаға  шығыпты.  Тәңертең  шырақшы  түсін  жорып,  ұл  бала  табасың,  балаң  мықты,  жасы  ұзақ  болады,  сенің  мақтанышың,  ел  қорғайтын  адам  болады  депті. 

       Нұрсұлтан  ән  айтқанды  жақсы  көреді.  Ол  саман  кірпіш  құйып,  тапқан  ақшасына  гармонь  сатып  алады.  Домбыра  тартып,  гамоньда  ойнап,  ән  салатын.  Өзі  өлең  жазып,  әнді  де  шығарады.  «Үшқоңыр», «Елім  менің», «Шұбарат»,  «Сарыарқа»  өлеңдерін  жұрт  сүйсініп  тыңдап  жүр.

         Мектепті  бітірген  соң,  Украинадағы  Днепродзержинскі  қаласының  8  технологиялық  училищесінде  оқып,  болат  құюшы  мамандығын  алды. Еңбек  жолын  жұмысшы  болып  бастап,  өзінің  шешендігі,  ұйымдастырушылық  қасиеті  арқасында  жоғары  лауазымдарға  ие  болды.

       Жұбайы – Сара  Алпысқызы  Назарбаева  Халықаралық  «Бөбек»  балалар  қайырымдылық  қорын  басқарады.  Үш  қызы  бар: Дариға – саясат  ғылымдарының  докторы,  Динара – Н.Ә.Назарбаев  атындағы  білімді  қолдау  қорын  басқарады.  Әлия – бизнеспен  айналысады.

       Н.Ә.Назарбаев – бәрінен  бұрын  өз  міндетін,  өз  тағайындалуын  терең  сезінетін,  үлесіне  тиген  міндетті  жауапты  әрі  қажырлықпен  атқаратын  адам.  Ол  әр  қадамын  шын  мәнісінде  өте  мұқият  есептейді.  Ол  үшін  саясатшы  болу  бойға  біткен  дарынмен  қатар  күн  сайынғы  ауыр  жұмыс  және  өмір  дағдысы.

 

1-оқушы: Ауыр  күнді  артымызға  тастауы,

                  Қиын  сәтте  қиындықтан  қашпауы. 

                  Тілім,  дінім,  ұлтым  қайта  көтерген,

                  Елбасымыз  Нұрағаның  бастауы.

 

2-оқушы: Кең – байтақ  қой  Қазақстан  картасы,

                  Астанамен  айшықталған  ортасы.

                  Бүгін  бізге  таңдай  қағар  күллі  әлем,

                  Бұның  бәрі  Елбасының  арқасы.

 

3-оқушы: Нұрсұлтан  бар  деп  нұрыңа  сенің  шомылғандай  боп  жүрем  мен,

                  Бейнеңді  көрсем  беймезгіл  кезде  қабағымды  ашам  түнерген.

                  Сүйеміз  сені,  санамыз  сөніп  қалмай  тұрғанда  сүйеміз.

                  Алланың  бізге  бір  өзі  сеніп  өкілісің  сен  жіберген.

 

4-оқушы: Бірде  шырқап,  бірде  төмен  құлаған,

                  Өмір  жолы  болған  қиын  бұралаң.

                  Қазағымды  жарқын  жолға  бастады,

                  Елбасы  боп  сайланды да  Нұрағам.

 

5-оқушы:  Естімейік  енді   елдің  жылағанын,

                   Қайта  құлап,  бостандық  сұрағанын.

                   Абылайдың  жолымен  алға  басқан,

                   Құтты  болсын  «нұрлы  жолы»  Нұрағаның!

 

6-оқушы:  Халқым  айтқан  жер  көтерер  ел  даңқын,

                   Елім  айтқан  ел  көтерер  жер  даңқын.

                   Президентім,  елбасы  аман  болғай,

                   Мәңгі  жаса,  жас  қазағым,  өр  халқым.

 

      Нұрсұлтан  Назарбаев  40  жастың  қырқасында-ақ  ел  басқаруға  араласты,  ол  50  жастан  асқанда  халқы  мен  еліне  заманалардан  бері  ешқашан  қолы  жетпеген  бес  жоққа  қолымызды  жеткізді.  Олар:  тәуелсіздік,  дербес  мемлекет,  ұлттық  валюта – теңге,  Қарулы  Күштер  және  жаңа  Астана. 

      «Басшы  біреу  болсын,   басқамыз  тіреу  болайық»  деп  Шерхан  Мұртаза  бірлікке  шақырған  еді.

      Елбасымыздың  ойлайтыны  қашанда  елдің  қамы.  Сондықтан  бәріміз  Президентімізге  тілектес  бола  білгеніміз  жөн. 

 

Категория: тәрбие сағаттары | Добавил: solnishka
Просмотров: 6829 | Загрузок: 216 | Рейтинг: 2.7/12
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]