Главная » Файлы » тәрбие сағаттары

Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!
[ Скачать с сервера (3.17 Mb) ] 23.10.2013, 22:47

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің  

 Бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы.С.


Сабақтың тақырыбы:  Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім!

Сабақтың мақсаты: Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын  арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтан көрсетілетін суреттер. Тақтаға жазылған тақырып.

Сабақтың жүрісі

-          Сәлематсыздар ма, балалар?!  Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!

-          Ақтарған сәтте сарғайған тарих беттерін,

Сезіндім мен де өткен күндердің көктемін.

Жатырқамастан жаныма жылу сепкенің,

Жүрегі дархан, мерейлі менің мектебім!

Республикаға үздік танылған мектебі ең,

Ұрпаққа тарих болады сенің өткенің.

 Жетпіс жылда жеті өткелді  өткердің,

 

          

-          Құтты болсын 70 жылдық мерекең! -деп  бүгінгі біздің «Білім алдым өзіңнен, аяулы менің мектебім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

-          Балалар, біз 1-кыркүйекте қайда келдік?

-          Мектепке

-          Дұрыс –ақ, Мектеп біз қандай мақсатпен келдік?

     -   Білім алу үшін.

     -  Біздің мектебімізге кімнің аты берілген?

    -  М,Әбдіхалықов мектебі

- Ендеше балалар, биыл біздің білім ордамызға 70 жыл толып отыр. 1943 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді..  Мектеп алғашында 4 жылдық бастауыш   мектеп  болып қаланып, әр сыныпта 4-5 баладан болды. 1957  жылы  сегізжылдық  мектеп болып  өзгертіліп, 1959 жылы Шәбден Ералиев атағы берілді.. 1965  жылы  Шәбден  Ералиев  атындағы  орта  мектеп  болып өзгертілді. ҚР  Министрлер Кабинетінің   12  мамыр 1993  жылы  №383 Қаулысымен Маңғыстау  облысы  Форт-Шевченко  қаласындағы  Ақшұқыр селосындағы орта  мектепке  белгілі  жазушы, драматург, аудармашы - Маршал  Әбдіхалықов  есімі  берілді.  Содан бері мектеп М.Әбдіхалықов есімімен аталып келеді. Алғашқы ұстаз Садақбаев Қанғали болды. Әр кезеңдерде Қазақ ССР  Халық Ағарту ісінің Үздіктері Сахиева Балсұлу,  Құлбасов Ұзақ, Кезбаев Тәжіғұл, Елубаев  Мақаш  «Еңбек Қызыл Ту» орденді Шахатов Тасқынбай, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Шәкіратов Ысқақ мектеп мұғалімдері болды,  Мектеп басқару жұмыстарында Қаз ССР халық Ағарту ісінің Үздіктері «Үздік еңбегі үшін» медалінің иегері  Шахшабасов Жолыбай, «Н.К Крупская атындағы  сыйлық» иегері Қазиев Жалаулар қызмет етті. 1989 жылдан  облыстың «Сенім мектебі», ауданның  «Тірек мектебі» болды. Сонымен бірге алғашқы шәкірттердің бірі болып,осы мектепті 23 жыл баскарған , ауылдың құрметті  азаматы, ардагер ұстаз Маткеров Әзен  мектеп табалдырығын аттаған.

                          

2001 жылы облыстың «Үздік ауыл мектебі» сайысынан - І орын,

2004 жылы Облыстық білім басқармасының «Өрлеу» номинмциясы иегері,

2005 жылы Республикалық «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» - І орын,

Облыста 2006-2007 оқу жылғы «үздік дайындалған мектеп» сайысынан - ІІ орын

2006 жылы Білім және ғылым министрінің «Ауыл мектебі осындай болуы керек» деп бағалағанды.

Мектеп директорлары

1959 -1965 жж «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі Ерманов Қорғанбай .

1965 ж-1974ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі» Әмірханов Қибатқали.

1974-1978 ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі Толыбеков Бөрібай.

1978-2000 ж «Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі», Түпқараған ауданының құрметті азаматы, әдіскер мұғалім  Мәткеров Әзен.

2001 жылы Жарылғапова Оразгүл .

Бүгінгі күні мектепті «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Маңғыстау облысына  35 жыл» төсбелгісінің иегері ІV,V шақырылымдағы Түпқараған аудандық маслихат депутаты жоғарғы санатты аға мұғалім  Абдирахманов Оңайбай басқарып келеді.Бүгінде мектебімізде оқушыларға барлық жағдайлар жасалып, замануаи үлгіде жабдықталған. (Мектептің ішкі суреттерімен таныстыру.)

 -Ендеше балалар, бүгінгі біздің осы тақырыбымыз бойынша білімдерімізді ортаға салып, сайысқа түсеміз. М.Әбдіхалықов атындағы орта мектеп электронды оқыту жүйесі жобасына енгізіліп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілу үстінде екен.

                

Сайыс кезеңдері:

1.      Таныстыру

2.       Білімді бірді жығады, білекті бірді жығады. Сұрақ - жауап

3.      Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау

4.      Қабырға газетін қорғау.

5.      Мақал- сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.

6.      Мәнерлеп өлең оқу.     Мектеп туралы

7.      Егер мен болсам.....   фустер қорғау  

Әр екі кезеңнен кейін , әр топ өзіне артық ұпай жинау үшін , әуен тыңдап, қай өлең екеннін табу.                                                                                                                     

-          Ендеше сайсымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысып алайық (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

-          Ендеше балалар, сайысыздың бірінші кезеңіне тоқталайық. Әр топ мүшелерімен, топтың атымен таныстырып шықсын.

-          Келесі кезеңіміз Білімді бірді, білекті мыңды жығады деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылып сол сұраққа жауап аламыз

               

Сұрақтар:

1.      Мектебіміз қай жылы ашылды?

2.      Мектебімізге ең бірінші кімнің есімі берілді?

3.      Мектептің табалдырығын ең бірінші болып аттаған шәкірт кім?

4.      Мектебіміз қандай атақтарға ие?

5.      Мектепке басшылық еткен кімдерді білесіңдер?

6.      Мектептің алғашқы ұстазы кім?

7.      М.Әбдіхалықов кім?

8.      М.Әбдіхалықов есімі мектебімізге қай жылы берілді?

9.      Қазір мектепке кім басшылық етіп отыр?

10.  М.Әбдіхалықоа атындағы мектеп қайда орналасқан?

11.  Мектебімізден шыққан қандай танымалы адамдарды білеміз?

 

    

3-ші кезең: Ұйқасын тап. Берілген өлең жолына ұйқас құрау

1-ші топ: 

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар  балаға білім беріп сая болған.

 

2-ші топ:

Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

 

3-ші топ:

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

-Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жеберіледі, сол әуенді тпақан топ , өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар№

1.      Қабырға газетін қорғау.

2.      Мақал- сөздің мәйегі. Мектеп, ұстаз туралы айту.

-Енді әр топ өте мұқият тыңдап отырыңдар, әуен жеберіледі, сол әуенді тпақан топ , өздеріне 2 ұпай иеленуге мүмкіндік бар

                 

1.      Мәнерлеп өлең оқу.     Мектеп туралы

2.      Егер мен болсам.....   фустер қорғау 

    

-          Әділқазыларға сөзкезегін береміз.

-          Сонымен балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай?

-          Сонда бізге мектеп не үшін керек?Оқушылар мектепке тілектерін айту.

-          Менде мектебіміздің әлі талай жетістіктерге жететіне сенімім мол. Сол жетістіктерге көтеретін сендер. Жетістікке жету үшін білім керек. Сабақты жақсы бағаға оқып, мектептің болашағын өркендететін азаматтар мен азаматшалар болуларыңа тілектеспін!

 

 

 

 

Категория: тәрбие сағаттары | Добавил: solnishka
Просмотров: 7133 | Загрузок: 218 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]