Главная » Файлы » Мои файлы

Мектебіме 70 жыл!
23.10.2013, 22:40

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің  

 Бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы.С.

 

Мектебімнің   шежіресін   шертейін,

Өтіп жатыр 70-жылдық мерейің,

Жырдан өріп алқаны,

 Бүгінгі мерей тойыңа, сыйғып тарту етейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білімнің  көзі- бастауышта»  дегендей,

1943 жылы шәкірттерді қабылдадың өрендей,

Бастауыш болып негізін салған мектебім,

70-ке толды бүгін,  білімімен кемелдей.

 

 

 

 

Ақтарған сәтте архивтің әрбір беттерін,

1957 жылы Ералиев болған мектебің,

Аталды  93 жылдан  бері ,

Маршал Әбдіхалықов атағымен мектебің.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елу жылда –ел жаңа» дегендей халқым,

Республикаға танылған атақ пен даңқың.

Бүгінде заманауи үлгіде жабдықталып,

Ұрпағына сіңірген білімнің нәрін.

 

 

 

 

"Тірек», «Сенім», «Үздік мектеп» атағын,

Жеңіп алып,  аты аңызға айналған,

Ұстаздары парасатты, зерделі,

Шәкірттерді ізгілікке баулыған.

 

 

 

 

Құлагердей сынға түссе бәйгіде,

 

 

 

 

Асып жатыр шәкірттерің әр қырдан,

Олимпиаданың озып шығып төріне,

Облыс пен ауданнанда жүлде алған.

Сөзімді осыменен қорытайын, 

Шежіреден тілекке  ойысайын.

 

 

 

 

Жүрегімнің түбінен ақтарып, 

Бар лебізді өзіңе арнап тауысайын.

Жыл сайын жетістікке бөленіңіз!

Білімді, жақсы ұстазға кенеліңіз!

 

 

 

 

Елімде еңбегіңіз бағаланып,

Білімнің асқарынан көрініңіз!

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,

Бақыт құсы самғасын бізге қарай.

 

 

 

 

70-тің асуынан еркін асып,

Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мои файлы | Добавил: solnishka
Просмотров: 1434 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]