Главная » Файлы » Мои файлы

еңбекке баулу 4сынып
[ Скачать с сервера (83.9 Kb) ] 29.09.2013, 22:03

                                                   Еңбекке баулу

Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағат

№1. Тақырыбы:  Қатырма қағаз туралы түсінік. Қағаздан батпырауық жасау.

 Мақсаты: 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан батпырауық жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту; 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі  Тақырыбын,мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.

Батпырауықтың түрлерімен таныстыру:  қағаздан   жасалған батпырауық, полиэтиленнен жасалған батпырауық  Сергіту сәті:

ІҮ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 2 Сұрақ-жауап   Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?  Батпырауықтың ше?

          3 Қағаздан батпырауық жасау  4 Техника қауіпсіздігі

Ү.  Бекіту кезеңі:Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 4-9 бет оқу,  бағалау

 

 

 

 

№ 2.Тақырыбы Қатырма қағаздан қорап жасау

Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету,  білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ  Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу  Көрнекілігі: қорап үлгісі

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру  Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?

Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?

ІҮ. Жаңа сабақ а)  мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады.  Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.

- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?

ә) оқулықпен жұмыс. б)  қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.

2. Қораптың  төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.

3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.

4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.

5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.

6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.

7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.

8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.

9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.

Ү. Бекіту  кезеңі  Қорытындылау. ҮІ. Бағалау..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мои файлы | Добавил: solnishka
Просмотров: 9273 | Загрузок: 5729 | Рейтинг: 3.2/53
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]