Главная » Файлы » Мои файлы

Білімнің қайнар көзі –Бастауышта.
23.10.2013, 22:33

 

                                                                 М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің  

 бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы.С.

 

 

                                 Білімнің қайнар көзі –Бастауышта.

       Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан да  тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы саналы да білімді азамат, өмірдің барлық саласында да белсенді, рухани тәрбиені бойына сіңірген, өз Отанына жанашыр  азамат етіп тәрбиелеуде мектептің орны зор десек, ал оның негізін қалаушы- бастауыш сынып .

             Өйткені мектеп табалдырығыннан жүрексіне аттаған балдырғандарды жылы шыраймен қарсы алып,  алғаш қолына қалам ұстатып , оңы мен солын танытып, ақ пен қараны айыруда , қоршаған ортаны танып, табиғатты қорғауды үйретіп, өмірге нық қадам басуда да  бастауыш сыныптың алар орны ерекше.  Мектеп табалдырығын жаңа аттаған әрбір бүлдіршін бұлақтай таза болса, сол бұлаққа қайнар білімді беріп, нәрін оқушының бойына  сіңіретін  бастауыш .

        Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оның алғашқы  жеке адам ретінде қалыптасуына жағдай туғызып, оқушы бойына  ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастырып, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытып, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін меңгерте отырып, оқуға, білімге деген қызығушылығын оятып, дұрыс сөйлеп, өз ойын еркін айтуға, пікірін дәлелдеуге үйретеді.  Ендеше, бала бойындағы  осындай қасиеттерді дамытатын  тұлға,  ол- Ұстаз. Ұрпақтарымызға осындай нәтижелі білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыз , М.Әбдіхалықов  мектебінде  де аз емес.

         «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» деп   Ахмет Байтұрсынов айтса, Чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалағандай  , өзінің бойындағы білімін алдарында оқытып жүрген шәкірттеріне беріп, оларды өз баласындай көріп, басынан сипап, алақанына салып аялап жүрген бастауыш сынып  ұстаздардың қатарынан Бүркітбаева Алтын, Майшаева Ақбала, Тасқынбаева Ибаш, Үмбетқалиева Заря, Хасан Күләнда,  Қараманова Ақсұлу, Аманғалиева Қымбат   апайларымызды көруге болады.  Бұл ұстаздар тәжірбиелі, еңбектері елеулі, білім беру ісінің үздіктері. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңашыл адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелейді» дегендей,    бастауыш сыныпта жаңашылдығымен көзге түсіп жүрген ұстаздарымыздың қатарынан Дүйсембаева Ләтипа, Шалхар Рухия, Көкен Гүлжамал, Назарова Ләззат, Кадирова Гүлбану, Абдикаликова Аманбибі, Мусина Айнұр, Ізтілеуова Айгүл, Тілеміс Тазагүл, Үргешбаева Тазагүл, Атшыбаева Қарлығаш секілді ұстаздарымызды да атап айтуға болады. Сонымен бірге Бекова Қалбибі, Абилова Гүлсім,Тасжанова Гүлзада, Есенғұлова Жадыра, Қалиева Есенгүл, Өрбісінова Кенжегүл, Қосымбаева Айзада, Шомбалова Ақмарал сынды ұстаздарымыз артынан ерген ұстаздарға әдістемелік нұсқау көрсетіп,  өз көмектерін аямауда.  

       «Білім басы - бейнет, соңы – зейнет» деген мақал бекер айтылмаса керек. Себебі олар оқытқан шәкірттер бүгінде әр салада еңбек етіп, ұстаздарын қуантуда. Бастауыш мектептегі ұстаздарымыздың еңбегінің нәтижесі болу керек, оқушылар оларға еліктеп және өздеріне үлгі етіп, болашақ армандарын  осы ұстаздық жолымен байланыстыруынан да көруге болады.  Мен де  алғашқы ұстазыма қарап, ұстаз болуды балалық шағымнан армандап, оның сөйлеу мәнеріне, жүріс- тұрысына қызыға қарайтын едім. Қазірде сол арманыма жеттім десем болады. Өйткені мен де бастауыш сынып мұғалімімін.

    Бастауыш сынып ұстаздары мен шәкірттері де талай белесті бағындырып, аудандық, облыстық , республикалық көлемде іс-шараларға да, жарыстарға да қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ , «Ақбота», «Кенгуру»  сынды  интелектуалдық  марафондарыннан  жүлделі оралған оқушыларымыздың қатарынан Иса  Гүлнұр,  Әлімжан  Қанат, Дүйсекеев Рахмет, Бүркіталиев  Айберік,  Әзенова  Саяжандарды көруге болады.

Республикалық деңгейде Мөңкеев Сұңғат«Тазша  бала»  сайысынан және«Балауса» фестивалінен 4- ші сынып  оқушыларыда  жүлделі оралса, Қуанышқалиева  Малика ән айтудан халықаралық дәрежедегі «Ақ көгершін», облыстық «Ал қызыл  гүл»  байқауларынан , 3-ші сынып оқушысы Сембаева Құралай  көркем сөз оқудан  ,  облыстық  «Өз жүрегімнен» атты мәнерлеп оқу сайысында Қаржаубай  Динара сынды оқушыларымыз үлкен жетістіктермен оралды. Бұл жетістіктерге жетудеде ұстаздың рөлі зор екенін айтпасада түсінікті.

          Үмбетқалиева Заря өзінің біліктілігімен, талапшылдығымен ұжымды жақсы арнаға салып, қазіргі таңда бұл ұжымды  басқарып отыр. Бұл ұжым өздерінің ұйымшылдығымен, ауызбіршілігімен әлі талай белестерді бағындырып, әлі талай қырларға шығатына сенімім мол.                                                                                                                                                                     

           «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.» деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай ,  мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеуде үлкен үлес қосатын Бастауыш. Сондықтанда білімнің қайнар көзі- бастауыш деуге толық негіз бар.                                                                          

                                                                               

Категория: Мои файлы | Добавил: solnishka
Просмотров: 2723 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]