Главная » Файлы » Мои файлы

қазақ тілі
[ Скачать с сервера (337.8 Kb) ] 06.09.2013, 18:20

Қазақ тілі 4 класс.  Атамұра.  2011 -2012

№ 1. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:  3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:       қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

       Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ  Жаңа материалмен жұмыс:   а) өткенді еске түсіру   жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс    1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)б) дәптермен жұмыс    Күн ретін жазу.  Көркем  жазу А а А а  Алма.

2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?

Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.      

1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер  себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)

5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын  мен айырмашылығын дәлелде.)

6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б

IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?  І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.

V.Үйге тапсырма: 3- жаттығу 4-бет. VІ. Оқушыларды бағалау

Категория: Мои файлы | Добавил: solnishka
Просмотров: 2221 | Загрузок: 2686 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]