Главная » Файлы » жұмбақтар » жануарлар туралы

В категории материалов: 1
Показано материалов: 1-1

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)



Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)




Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)






Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)



Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)




Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)



Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық)



Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?
(Үкі)



Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.
(Кенгуру)

 

жануарлар туралы | Просмотров: 8496 | Загрузок: 287 | Добавил: solnishka | Дата: 03.05.2013 | Комментарии (0)