Главная » Файлы » жұмбақтар » табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар.

Табиғат, табиғат құбылыстары
[ · Скачать удаленно () ] 19.09.2014, 20:00

Табиғат, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар

Тұнжарап қабағы,

Аспанды жабады.

Кей кезде қарасаң,

Көрінбей қалады. .  (Бұлт)

 

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді .  (ауа)

Қыр астында, сайда,

Жатыр үлкен айна.  .  (көл)

 

Өзі бірде су болады,

Бірде қар болады,

Бірде бу болады

Бұл не?                  .  (бұлт)

 

Қанаты жоқ, елесі жоқ,

Жүрек түгел денесі жоқ.  (жел)

 

Қаһарман келіп басады,

Соңынан жылап қашады. .  (қар)

 

Алдым да әр түрінен жібек жіптің,

Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (кемпірқосақ)

 

Көзіңе көрінбейді,

Қолыңа ілінбейді.

Бірақта құлағыңа

Ұдайы күбірлейді. (жел)

 

Айдаһар аузын ашса, арс етеді.

Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. ( найзағай)

 

Бір тілім болып туады,

Күннен күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады.  (ай)

Категория: табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар. | Добавил: solnishka
Просмотров: 2365 | Загрузок: 340 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]