Главная » Файлы » жұмбақтар » Алфавиттік жұмбақтар

Алфавиттік жұмбақтар
19.09.2014, 19:05

Алфавитік жұмбақ

Тарақта бар,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

Аста жоқ.       (Т)

 

Тұзда бар,

Суда жоқ.

Мұзда бар,

Буда жоқ. (З)

 

Нуда бар,

Шөлде жоқ.

Суда бар,

Шөлде жоқ. (У)

 

Жазуда бар,

Сызуда жоқ.

Жылуда бар,

Қызуда жоқ.  (Ж)

 

Биікте бар,

Ойда жоқ,

Киікте бар,

Қойда жоқ.  (И)

 

 

Халықта бар,

Бармақта жоқ.

Балықта бар,

Қармақта жоқ. (Л)

 

Таста бар,

Өлкеде жоқ.

Қаста бар,

Желкеде жоқ.   (С)

 

Әнде бар,

Күйде жоқ.

Сәнде бар,

Биде жоқ. (Ә)

 

Қолда бар,

Аяқта жоқ.

Жолда бар,

Таяқта жоқ. (О)

 

Категория: Алфавиттік жұмбақтар | Добавил: solnishka
Просмотров: 2805 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.8/14
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]