Главная » Файлы » жұмбақтар » адамның дене мүшелері туралы

Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар
[ · Скачать удаленно () ] 19.09.2014, 20:35

 Адам дене мүшелері туралы жұмбақтар

Он алтысын көк аспанға қададым.

Ортасына бір тоты құс қамадым.

Тауып көрші таудай болса талабың.       (тіс пен тіл)

 

Ти десем , тимейді,

Тиме десем , тиеді.   (Ерін)

 

Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған.   (көз)

 

Он кемпір мұз арқалап тұр. (тырнақ)

 

Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінен ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық-кемі жоқ.  (Екі қол)
 


Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар,

Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар.

 Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш,

 Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар.  (Сақал,шаш)
 

Сыртқа шығар жолы тұйық,

Тұсi шымқай қызыл сұйық.   (Қан)

 Бунақты көсеу,

Тармағы бесеу.    (Қол мен Саусақ)

 

Бiр таудың екi жағына,

Екi қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.   (Екi құлақ)

 

Үстi шарбақ,

Асыт шарбақ,

Ортасында

Тұрар сарнап,

Жалғыз бармақ.  (Тiс пен Тiл)

 

Екi көл – кiл тынған,

Екi ну – құлпырған.

Жатса да қатар жарысып,

Көрмептi бiрде танысып.    (Екi көз, Екi қас)

 

Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.    (Мұрын)

 

Қараша тауым қарлы болды,

Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды. (Шаштың ағаруы)

 

Тамға таяқ сүйедім,

Отыз жерден сыр-сырлап.( Отыз екі тіс)

 

Қатар-қатар ақ күріш,

Тұрған жері қақтығыс. (Тіс)

Категория: адамның дене мүшелері туралы | Добавил: solnishka
Просмотров: 3998 | Загрузок: 320 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]