Главная » Файлы » мақал-мәтелдер » достық, татулық туралы

достық , татулық туралы
[ Скачать с сервера (11.9 Kb) ] 16.08.2013, 15:05

Дос егіз, дұшпан сегіз.

 

Жаман дос көлеңке:

басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың,

бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

 

Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

 

Жолдасы көптің - олжасы көп.

 

Қимас досың сұраса, қимасыңды берерсің.

 

Татулық табылмас бақыт.

 

Досыңды мақтағаның- өзіңді жақтағаның.

 

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

 

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

 

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

 

Досы көптің жаны семіреді,

Асы көптің тәні семіреді.

 

Нағыз дос дұшпан болмас.

 

Доспен дос болғаннан шаттан,

Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

 

Досқа ауырлығыңды салма,

Достан қарыз алма.

 

Күлме досыңа, келер басыңа.

 

Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.

 

Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады.

Категория: достық, татулық туралы | Добавил: solnishka
Просмотров: 6352 | Загрузок: 144 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.3/9
Всего комментариев: 1
1 muhaaaa  
0
макал мател ышынде антомин омоним синоим болуы керек достык силастык туыстык те керек 1 кунде

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]