Главная » Файлы » Қазақ халқының ауа-райын болжауы » Жануарлардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау

Жануарлардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау
20.09.2014, 19:58
 
  • Жануарлар тіршілігіне қарай отырып ауа-райын болжау
  1. Құмырсқа илеуін биіктеу жерге салса, су тасқыны болады немесе қатты жауын жауып су деңгейі көтеріледі.
  2. Құмырсқалар илеуін құрғақ жерге салса – жауын, дымқыл жерге салса- жаз құрғақшылық болады. Ал, құмырсқа  илеуінің аузын бекітіп  алса ұзақ жаңбыр болады.
  3. Қара қоңыз тығылатын жер іздей бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.
  4. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Қой сүзіссе жел болар.
  5. Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен  басқа жаққа көше бастаса көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады.
  6. Бал аралары топтанып шырын жинауға аттанса –күн ашық, егер ұясынан ұзамаса ауа- райында өзгеріс болады.
  7. Балықтар су бетіне шығып, шапшып ойнай бастаса – жауынның белгісі.
  8. Жылқы ішін тартса – күн бұзылады, пысқырса – жаңбыр жауады.
  9. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болады.
  10. Киік топ-топ болып басқа жаққа бет алса, онда ауа-райы қатты бұзылып, суық болады деген сөз.
  11. Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, дауыл немесе боран болады.
  12. Мысық пешке тығылса, алдағы күні қатты аяз болады.
Категория: Жануарлардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау | Добавил: solnishka
Просмотров: 1147 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]