Главная » Файлы » Қазақ халқының ауа-райын болжауы » Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау

Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау.
[ · Скачать удаленно () ] 20.09.2014, 20:01

           Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау.

  1. Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа-райы қолайсыз болады.
  2. Қыста күн құлақтанса қатты аяз болады.
  3. Жауын-шашын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.
  4. Қызара батқан күн-желдің, ашық –сары балып батқан күн- жаңбырдың белгісі.
  5. Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, бұдан соң қыс күні қар, жаз күні – жаңбыр күт.
  6. Тұман жер бауырлап құласа – ашық күннің хабары.
  7. Ірі- ірі жаңбыр тамшысы жауын шашында дымқыл күннің ұзақ тұратындығын білдіреді.
  8. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
  9. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.
  10. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ысытқ, қыста жұмсақ болады.
  11. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса,  күн жылынады.
  12. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі.
  13. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер , немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді.
Категория: Табиғат құбылыстарына қарай ауа – райын болжау | Добавил: solnishka
Просмотров: 3187 | Загрузок: 307 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]