Главная » Файлы » Қазақ халқының ауа-райын болжауы » Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау

Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау
[ · Скачать удаленно () ] 20.09.2014, 18:06

             Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау

  1. Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып, жел болады.
  2. Қыста қаздар қаңқылдаса жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады.
  3. Қаз бен үйректер суға шомылып , қиқулап, қанаттарын қомдап мазасызданса ауа-райы бұзылады.
  4. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады.
  5. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса - аяз болады.  Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса күн ашылады деген сөз.
  6. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса жаңбыр жауады. Ал жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады .
  7. Тауық жоғары қонақтаса жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса күн суытады.
  8. Далада көкектің «ку-ку» деген дауысын жиі естісеңіз алдағы күндер ашық болады.
Категория: Құстардың тіршілігіне қарай отырып ауа райын болжау | Добавил: solnishka
Просмотров: 1022 | Загрузок: 242 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]