Главная » Файлы » ашық сабақтар » ашық сабақтар

Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр».
[ Скачать с сервера (31.2 Kb) ] 02.04.2014, 15:24

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

                                      Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Мұхтар  Әуезов «Әбілмансұр».

Сабақтың  мақсаты:  1.Мәтіннің  мағынасын  ашу,  мәнерлеп,  түсініп  оқу,  әңгімелей  білуге,

                                       шығармашылық  жұмысқа  бағыттау.

                                    2.Оқушылардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  ойлау  қабілетін 

                                       дамыту.

                                    3.Оқушыларға  экономикалық  тәрбие  беру,  оларды  шапшаңдылыққа, 

                                      ынтымақшылдыққа,  батылдыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  көрнекілігі: Мұхтар Әуезов,  Абылай хан  портреттері,  кесте,  баға  жазылған

                                        корточкалар,  аукционға  керек  балға.

 

Сабақ  түрі:  Аукцион  сабақ

 

Сабақ  әдісі:  Сұрақ-жауап,  көрнекілікпен  жұмыс,  ой толғау,  ой тұжырым,  түртіп алу әдісі.

 

Сабақтың  барысы:                   І. Ұйымдастыру

 

1.Мұғалім  сөзі:

-Балалар,  біздің  бүгінгі  егеменді  Қазақстанымыз  бұл  бақытты  өмірге  оңайлықпын  жеткен   жоқ.  Біздің  ата-бабаларымыз  ұрпақтарының  бақыты  үшін  өз  өмірлерін  қиып,  талай  өнегелі,  үлгілі  істер  жасады.

     Енді  бізде  Отанымызға  өнегелі,  үлгілі  іс  қалдыруымыз  үшін  қандай  болуымыз  керек  деп ойлайсыңдар?

-Өнегелі  адам.

-Өнегелі  адам  қандай  болу  керек?

 

       ұқыпты                    Өнегелі  адам                    мейірімді

 

 

 

                   шыншыл                                   білімді

 

Мақал –мәтелдерді  айту,  оны  түсіндіру.

 

1).Жақсы –ай мен  күндей,

   Әлемге  бірдей.

 

2).Жақсының  аты  өлмейді,

   Ғалымның  хаты  өлмейді.

 

2.-Ендеще,  осы  өнегелі  адамдар  туралы  көптеген  әңгіме,  аңыздар  көп  болған.  Соның  бірі  қазақтың  белгілі  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  шығармасымен  танысамыз.

-Балалар,  Мұхтар  Әуезов  1897 жылы  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Абай  ауданында  туған.  Жазушы,  қазақ  әдебиетінің  классигі,  қоғам  қайраткері,  Қазақ  ССР-інің  академигі,  филология  ғылымының  докторы,  профессор.  Ол  теңдесі  жоқ  суреткер  жазушы,  драматург,  ғұлама  ғалым-әдебиет  зерттеушісі,  ұлағатты  ұстаз  және  ірі  қоғам  қайраткері.Оның тұңғыш көркем туындысы «Еңілік – Кебек», «Айман – Шолпан», «Абай жолы» және «Қилы заман», т.б.романын жазды. М.Әуезов  белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен араласқан (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов). 1961 жылы өмірден өтті.

 

3.-Ал, енді балалар, М.Әуезовтың шығармасымен таныспас бұрын мына сөзжұмбақты шешейік:

1.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (Ахмет)

2.Қартқожа атты кейіпкері бар жазушы. (Жүсіпбек)

3. «Оян, қазақ!» деп ұран салған кім? (Міржақып)

4.Жансүгіровтің есімі. (Ілияс)

5. «Ғылым таппай мақтанба» деп айтқан кім? (Абай)

6. «Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастаған кім? (Ыбырай)

 

-Балалар, сөзжұмбағымыздың ортасындағы қызғылт жолақтан қандай сөз шықты?

-Абылай.

-Әрине, Абылай хан.  Ол 1711 жылы дүниеге кліп, 1781 жылы дүниеден өткен. Оның шын есімі Әбілмансұр. Ол қазақ халқының әйгілі ханы, батыл қолбасшысы.Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы. Жастайынан жетім қалған Абылай ен далада еркн өскн қазақ халқын аман сақтапқалу үшін бүкіл өмірін, ақыл-ой мен қажыр-қайратын жұмсады. Ол он бес жасынан бастап қан майданды көріп, кейін қырғын шайқастарда өзінің ерлік тапқырлықтарымен жеңіс туын желбіретті.Абылай хан қазақ халқының саяси-әлуеметтік өміріне қырық жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді.

     Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Манчжур Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктірді.

     Ол өз жанынан тамаша күйлер шығарып, үлкен өнер иесі болған. Оның «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Алабайрақ» тағы басқа күйлері бар.

 

4.-Ендеше, Абылай кім болғаны туралы таныстық. Енді оқулығымызды ашып, М.Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесімен танысайық. Мен оқимын, сіздер оқулықты қарай отырып, түсінбеген сөздеріңізді түртіп алыңыздар. Қолымызға қарындаштарымызды алайық.

 

5.Сөздік жұмыс.

6.Тізбектей оқыту.

7.Суретпен жұмыс. (Мәтін бойынша салынған сурет)

-Суретте кімдердің арасындағы шайқас бейнеленген деп ойлайсыңдар?

-Суреттегі батырлар қалай киінген?

-Қолдарына не ұстаған?

-Қазақ батырының есімі кім деп ойлайсың?

Сергіту сәті

 

8. Әбілмансұр           Сабалақ         Абылай   есімдері мәтіндегі қандай оқиғаларға байланысты екенін айтып көр.

 

9.Кестемен жұмыс

 

                   Мәтін  кейіпкерлері

                          Ол кім?

       Әбілмансұр

       ....... ...... .....

       ....... ...... .....

      Абылай  ханның  шын  аты

      ..... ...... ...... .......

      ..... ...... ...... .......

 

10.-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болды.  Себебі бүгінгі сабақта аукцион болады.

         Аукцион дегеніміз – сауда жұмысы. Бүгінгі сабақта сендердің білімдеріңіз саудаға түседі, яғни сендерге тапсырмалар беріледі.

   Оқушыларға тапсырма беріліп, тапсырмалар мұқият орындалды.                                      

                                                     ІІІ. Қорытынды

-Балалар, бүгін біз қандай мәтінмен таныстық? Авторы кім?

-Кім деген батырларды таныдық?

-Мәтіннен қандай өнеге алдыңдар?

 

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінгенін айту. Абылай хан жайлы эссе жазу.

Категория: ашық сабақтар | Добавил: solnishka
Просмотров: 1782 | Загрузок: 58 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]