Главная » Файлы » ашық сабақтар » ашық сабақтар |
[ Скачать с сервера (117.2 Kb) ] | 10.04.2014, 09:12 |
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы , Сай-Өтес стан. Өтес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дабысова Риза Қуанышқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу. 3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: - Сауат ашу сабағы. - Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па? Үй тапсырмасын тексеру. - Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т.б. ІІ.Жаңа сабақ - Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе? Ендеше тыңдаңдар. Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен: -Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді. Лақтар: -Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты. Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті. Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен: -Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті. Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр: - Меніңі әр тапсырмамды орындаған сайын, мен саған бір-бірлеп лақтарыңды қайтарамын.- дейді. - Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге көмектесеміз бе? - Ендеше , қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық. 1-тапсырма: Жұмбақтар. Таусыла ма, қараңдар, Табиғаттың қызығы? Суық жақтағы жануар - Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы) Үш көзді батыр, Жол көрсетер батыл Үш көзі үш түрлі, Қызыл, сары , жасыл (Бағдаршам) - Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар! Б - дыбысының дауыссыз екенін көк текшені көрсету. -Енді қасқырдың келесі тапсырмасын қаралық. 2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттерді атап, оларға дыбыстық талдау жасау керек екен. Ендеше кітабымызға қарайық. -Ненің суретін көріп тұрмыз, қане кім айтады? Бөрік- бас киім. «Бөрік» сөзінде 3-дауыссыз, 2-дауысты дыбыс бар. Барабан- музыкалық аспаптың бір түрі. Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен? 3.тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді қатесіз оқу. - Ой, балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай орындап жатырсыңдар. Ешкінің тағы да бір лағын қайтарып алдық. 4-тапсырма. - Қасқырдың келесі тапсырмасы: «Бақа мен балапанның » биін қайталау. Жақсы болды, балалар, бір сергіп, бойымызды жазып алатын болдық, иә.
5-тапсырма: Оқулықта берілген сөздерді жаз.
Оқушылардың жазуын қарау, ескертпелер беру.
6-тапсырма
| |
Просмотров: 3789 | Загрузок: 115 | |
Всего комментариев: 0 | |