Главная » Файлы » Ақын-жазушылар туралы » Ақын жазушылардың өмірі

Шоқан Уәлиханов
26.04.2013, 23:47

(1835-1865)
             Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы. 
1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.
      Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады, генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Әскёри қызметте жүріп, Орта Азия халықтарының тарихы мен әдет- ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 
1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.
1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыз халқының "Манас"'жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.
1857 жылы 2 ақпанда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.
1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.
1859-1861 жылдары Петербургте шығармашылық қызметпен айналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.
1861-1863 жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.
1863-1864 жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан Сот реформасын (басқару) дайындау ісіне қатысады.
1865 жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
Шоқан Уәлиханов әралуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Оның жағрафия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін, т.б. саласында құнды-құнды еңбектері бар.

Категория: Ақын жазушылардың өмірі | Добавил: solnishka
Просмотров: 1286 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]