Главная » Файлы » Жаңылтпаштар » Жаңылтпаштар

жаңылтпаштар
[ · Скачать удаленно () ] 19.09.2014, 19:29

 Жаңылтпаштар

Тері шалбары бар,

Тері шалбары киетін,

Сері шалбары бар.

 

Кеше бірнеше есек арба кесек тас,

Бүгін бірнеше есек арба, кесек тас,

Есептесек-

Неше есек арба кесек тас?

 

Кешке есікті еш ашпа,

Басқаға бос ашпа.

 

Кеткен кек

Көптен көп.

Қайтқан тек кек жоқ.

 

Іске ол шорқақ,

Сол шорқақ жорта қорқақ,

Жорта жалтақ.

 

Арпа –дорбада,

Дорба – арбада.

 

Алар алқа

Адам таңқалар алқа.

 

Бала бейбастықты қой!

Бейбастықтықтың да бейбастығы бар.

 

Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

 

Қырсық қисық-ты,

Қисық қырсықты.

Қырсық құр қырсықты.

 

Аялдамай аяңдай бер, аяңдай бер,

Алдыңда аялдама бар, саяңдай көр.

 

Құр атты қырдан құлаттым,

Бұлақ қой жаны құр аттың.

Суын ішіп бұлақтың

Күйленді қайта құр ат тым.

 

Арыстан Арысқа барса да,

Арыстан ары алысқа бара алмайды.

 

Үш қыз да ұшқыш,

Ұшқыш та үш қыз.

 

Келе жатқан қариялар ма екен?

Қариялардың айтқаны

жастарға дари алар ма екен,

Жастар жариялар ма екен?

Жариялай алмай тағы ұялар ма екен?

 

Мына келген балалар ма екен?

Балаларға ақ төбет абалар ма екен,

Ақ төбет абалаған соң балалар

Іздеген ағаларын таба алмас па екен,

Таба алар ма екен?

Ағаларының қайда екенін шамалар ма екен?

 

Көрінген мынау Қапшағай ма екен?

Тұратын сонда жақсы ағай ма екен?

Әкесі-қартаң ақсамай ма екен,

Шешесі кемпір қақсамай ма екен?

Категория: Жаңылтпаштар | Добавил: solnishka
Просмотров: 3865 | Загрузок: 259 | Рейтинг: 2.7/10
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]