Главная » Файлы » нақыл сөздер » туған жер туралы нақыл сөздер

Отан, туған жер туралы
03.05.2013, 22:41

Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қаламын қаламын.
Нұрсұлтан Назарбаев

Иә, мен біздің кең байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен әзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.
Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлттың ұлы бақыты - Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты!
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта талай дәуірлеген кездеріміз де болған. Талай басымыздан бақ ауып, кер кетірген замандарға да кез келгенбіз.
Нұрсұлтан Назарбаев

Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес - отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев

Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Нұрсұлтан Назарбаев

Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев

Ауылдың амандығы - елдің амандығы.
Нұрсұлтан Назарбаев

«Қайда кеттінің ауылы» деген де ауыл болады.
Сырым Датұлы

Елің үшін - мақтан, елің үшін - қайғыр.
Ғабит Мүсірепов

Еліңе опасыздық - туған анаңа опасыздық.
Ғабит Мүсірепов
Туған елімді, туған жерімді жамаңдай алмаймын - бірақ жаным ашынғандықтан ашынған сөз ауызға түседі.
Ғабит Мүсірепов

Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.
Әлихан Бөкейханов

Ханның көркі - ел.
Шернияз Жарылғасұлы

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - негізгі өмір мәселесіңің ең зоры.
Әлихан Бөкейханов

Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.
Шерхан Мұртаза

«Репатрианттар». Көші-қон туралы заң жобасында осы терминді «оралмандар» деп аударыпты. Мән-мағынасы жетімсіздеу. Қуғын-сүргін көріп барып - Отанына қайта оралатындар болады. Шет елге саяхаттап, қыдырыстап, немесе қызмет бабымен барып - оралатындар болады. Ал репатрианттар - соғыста тұтқынға түскендер, қуғын-сүргін, зорлық- зомбылық көргендер. Солардың өз Отанына оралуы.
Шерхан Мұртаза

Ұлтсыздық - отансыздықтың белгісі.
Шерхан Мұртаза

Иесі жоқ жер жетім.
Мақал - мәтел

Ер - туған жерге, ез - тойған жерге.
Мақал - мәтел
Егесіз ел азар, иесіз жер тозар.
Мақал - мәтел
Әркімнің өзіне ыстық туған жері.
Қара өлең
Дүниеге туған жерге жетер қайда,
Шет жерде елді аңсаған күнің құрсын.
Қара өлең
Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып тұрсаңдағы,
Болмайды туып-өскен жерден артық.

Шал Құлекеұлы
Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Қаған парызы - халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде - ұйқы көрмедім, күндіз - күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып - бәрі елім үшін!
Тоныкөк

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.
Білге қаған
Қағаны кекшіл елдің халқы бүлікшіл келеді.
Күлтегін
Қағанынан айырылған ел - ғаріп, иесінен айырылған жер - ғаріп.
Күлтегін
Халқына - бегі, бегіне -халқы сенген ел ұзақ жасайды.
Күлтегін
Елін сүйген ер бақытты.
Күлтегін
Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер.

Қазтуған Сүйінішұлы
Атамыз біздің Сүйініш - күйеу болып барған жұрт, анамыз біздің Бозтуған - келіншек болып түскен жұрт.
Қазтуған Сүйінішұлы

Балығы - тайдай тулаған, бақасы - қойдай шулаған.
Қазтуған Сүйінішұлы
Шырмауығы - шөккен түйе таптырмас, балығы - көлге жылқы жаптырмас.
Қазтуған Сүйінішұлы
Біз - қазақ деген қырда қой баққан елміз,
Жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан елміз.

Қазыбек Келдібекұлы
Дәм-тұзды ақтай білген,
Достықты сақтай білген,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз!

Қазыбек Келдібекұлы
Дұшпанға еш бас ұрмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз!
Асқақтаған хан болса,
Сөз ұқпайтын паң болса,
Қанға - қан, жанға - жан алатынымызды жасырмаған елміз!

Қазыбек Келдібекұлы

Категория: туған жер туралы нақыл сөздер | Добавил: solnishka
Просмотров: 24935 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.8/40
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]