Главная » Файлы » ашық сабақтар » ашық сабақтар

Бесік жыры М.Жұмабаев
[ Скачать с сервера (4.37 Mb) · Скачать удаленно () ] 21.02.2015, 15:09

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абилова Гүлсім

Cабақтың тақырыбы:  Бесік жыры М.Жұмабаев

Сабақтың мақсаты: 1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең

                                   түсінік беру.

                                  2.Оқушылардың ауызша  сөйлеуін, түсініп оқуын,  өз ойларын еркін жүйелі

                                   жеткізе алу қабілеттерін дамыту.

                                  3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, постер, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: бесік, бейнебаян, слайд, ребус, сурет.

Сабақтың барысы:

                          Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, сабаққа назарын аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Поэзия минуты:

 Әр топ екі оқушыдан сұрау.

  1. Әр топ екі оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.
  2. «Мен саған, сен маған» ойын арқылы өткен сабақты қайталау.

 

  •  
  • Өлең кім туралы?
  • Әже деп біздер кімді айтамыз?
  • Әжелер қандай болады?
  • Осы «Әже» өлеңінің авторы кім?
  • Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.

                                    Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.         (ана)  

-Ендеше балалар бұл өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин екен? Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?

   Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.

Ой қозғау:

  • Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?      

  • Бесікке кімді жатқызамыз?

                http://besik.kz/wp-content/uploads/2013/12/Besik-kurylysy.jpg

  • Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?
  • Олай болса,  балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.
  • Өлеңмен таныспас бұрын бесік туралы бейнебаянға назар салайық.

                                   (  Бейнебаянды көру)

                             Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.

              Өлеңді үнтаспада тыңдау.

                                   Сергіту сәті.

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Терме диктант. Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу. Әр оқушы слайдтан өзін-өзі тексеру.

Постер қорғау.

1-топ: Ребус шешу , бесік жыры туралы айту.

2-топ: бесік туралы айту.

3-топ: Суретпен жұмыс.

         Ойын «иә, жоқ»: иә-шапалақтау,жоқ-үндемеу.

-Бесік жыры өлеңінің авторы Мағжан Жұмабаев.

- Бесік жырын қуыршақтарға арнайды.

-Сәбиді бесікке жатқызады.

- Мағжан Жұмабаев әнші.

- Ана баласына жылы сөздер айтады.

                     ІІІ. Сабақты қорыту.

-Бүгін біз Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңімен таныстық?

-Мағжан Жұмабаева кім?

-Үйге тапсырма:1. Бесік жыры өлең лайықты әуенге салып жатқа айту.

                             2. Пікірлер ағашын толтыру.

                     Оқушыларды бағалау.

Категория: ашық сабақтар | Добавил: solnishka
Просмотров: 2205 | Загрузок: 418 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]